• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Ел-жер

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Наурыз 9th, 2017 Жерұйық comments 8

 

Қатарластарыңның немесе әріптестеріңнің жетістігіне, бағындырған биігіне қуана білу де азаматтықтың айқын көрінісі. Осындай азаматтықты өзгелерден бірінші болып «Дидар» газетінің тілшісі Есімжан Нақтыбай танытып, әлеуметтік парақшасында әріптесі Серік Құсанбаевтың жаңа қызметі туралы паш етіпті.

Жалыпы, айтыс сахнасының саңлағы Серік Құсанбаевтың жыр додасындағы өнері өз кезегінде бағаланып, сөз бәйгесінде талай мәрте суырылып шыққаны белгілі. Арысы Кереку, берісі Өскеменде айтыс ақындарын тәрибиелеумен айналысқан Алаш ақыны соңғы оншақты жылдың жүзінде Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің шолушысы қызметін атқарды. Сахнада домбыраны да, сөз-мұраны да бабында ұстаған Серік журналистикаға да бірден бейімделіп, тақырыбы тартымды, мазмұны қарқынды мақалаларымен оқырман ықыласын өзіне аудара білді.

Міне, айтыс сахнасы мен редакция айдынында тәжірибелі ақын әрі журналист Серік Садуақасұлы таяуда облыс басшылығы тарапынан «Шығыс-Ақпарат» медиахолдингі директорының орынбасары болып тағайындалыпты. Құсанбаевтың жаңа қызметке келгеніне қуана қол соғушылардың қатары аз емес екен. Бір ғана Есімжанның парақшасына  лайк басушылар мен пікір білдірушілер легінің көптігі соны білдіреді. Олардың қатарында «Егеменнің» қызметкерлері бастаған журналистер, Ұлықбек Есдәулет бастаған зиялы қауым өкілдері де аз емес екен. Білгілі тұлғалардың бұл тілектері Серікке үлкен жауапукершілік те жүктеп отырғаны анық.

Біз де суырып салма ақынның, қуырып салма журналистің жаңа қызметіне зор сәттілік тілейміз!

«Жерұйық» – ақпарат.

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Оқуға ұсынамыз:

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Әмірені улаған кім?

«Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды

1938 жылдың зобалаңында Сәкен ақын атылды ма?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Арыстар арасындағы хаттар (құнды дерек)

“Жоқтың” да жақсылығы болады

Жолымбет Мәкіш: Ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз…

Сегізінші наурыз селт еткізбес, тауқыметшіл, тырнақтай тіршілікті

Семейді дамыту жоспарында дүдәмал тұстар бар

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу