Қатарластарыңның немесе әріптестеріңнің жетістігіне, бағындырған биігіне қуана білу де азаматтықтың айқын көрінісі. Осындай азаматтықты өзгелерден бірінші болып «Дидар» газетінің тілшісі Есімжан Нақтыбай танытып, әлеуметтік парақшасында әріптесі Серік Құсанбаевтың жаңа қызметі туралы паш етіпті.
Жалыпы, айтыс сахнасының саңлағы Серік Құсанбаевтың жыр додасындағы өнері өз кезегінде бағаланып, сөз бәйгесінде талай мәрте суырылып шыққаны белгілі. Арысы Кереку, берісі Өскеменде айтыс ақындарын тәрибиелеумен айналысқан Алаш ақыны соңғы оншақты жылдың жүзінде Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің шолушысы қызметін атқарды. Сахнада домбыраны да, сөз-мұраны да бабында ұстаған Серік журналистикаға да бірден бейімделіп, тақырыбы тартымды, мазмұны қарқынды мақалаларымен оқырман ықыласын өзіне аудара білді.
Міне, айтыс сахнасы мен редакция айдынында тәжірибелі ақын әрі журналист Серік Садуақасұлы таяуда облыс басшылығы тарапынан «Шығыс-Ақпарат» медиахолдингі директорының орынбасары болып тағайындалыпты. Құсанбаевтың жаңа қызметке келгеніне қуана қол соғушылардың қатары аз емес екен. Бір ғана Есімжанның парақшасына лайк басушылар мен пікір білдірушілер легінің көптігі соны білдіреді. Олардың қатарында «Егеменнің» қызметкерлері бастаған журналистер, Ұлықбек Есдәулет бастаған зиялы қауым өкілдері де аз емес екен. Білгілі тұлғалардың бұл тілектері Серікке үлкен жауапукершілік те жүктеп отырғаны анық.
Біз де суырып салма ақынның, қуырып салма журналистің жаңа қызметіне зор сәттілік тілейміз!
«Жерұйық» – ақпарат.