• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Бас баған

Әз аға (Естеліктен)

Наурыз 23rd, 2017 Аяулым Өмірбаева comments 15

1949 жылы қазақ әдебиеті тарихының XVIII-XIX ғасырларға арналған екінші томын бір топ авторлар жазатын болдық. Бұл күрделі еңбектің ғылыми жетекшісі ретінде Мұқаң тағайындалды. Жаз бойы таудағы дачада Мұқаң үй-ішімен бірге тұрып, маған тапсырылған тарауларды жазумен шұғылдандым. Мені таңырқатқан бір нәрсе – Мұқаңның күнделікті қатал режимі. Және мұнысы күндер емес, айларға созылып, бір өзгермейді екен.  Ол кісі күнде ертемен гимнастика жасайтын, шайдан соң стол басына отырып, екінші таңертеңгі тамаққа (яғни 13-ке) дейін сарылып жұмыс істейтін. Түскі астан кейін бірер сағат үзіліс жасап, кешкі сегізден түнгі он екіге шейін тағы да отыратын. Жаз бойына осы тәртіп бір өзгерген жоқ.

 

***
Әз ағаның өзі айта беретін бір аңызы еріксіз ойға оралады: “Ерте заманда Шығыс елдерінің бірінде бір адам ұзақ уақыт патшалық құрыпты, оның дәуірлеп тұрған шағында ел арасында тыныштық, молшылық болыпты-мыс. Бірде патшадан: “Сізден де армансыз дүниеде жан бар ма  екен, сізден бақытты адам табу қиын шығар?”- дегенде, ол: “Бар өмірімнің ішінде төрт-ақ күн өзімді бақытты сезіндім”, -деп жауап қайырыпты. Мұқаң аузынан осы аңызды естігенде: “Өзіңіз қалай, бақыт күндерін басыңыздан көп кештіңіз бе?” – деп сұрағың келіп тұратын. Алайда, қаншама қиындық кездессін, Мұқаңның ұнжұрғасы түсіп мұңайғанын, таусылғанын көрген емеспін…

 

***

Бір күні осындай жақын сапарға  жүрер алдында мен Мұқаң үйіне сәл ертерек барып қалып едім, ол кісі: “Ысқақ, сен мені күте тұр, ертең университетте лекциям бар еді, біраз дайындалып алайын”, – деді де, 1948 жылы өзінің басқаруы бойынша шыққан қазақ ауыз әдебиетіне арналған қалың кітапты (оның көптеген тарауларын өзі жазған – Ы.Д.) ақтаруға кірісті. Сан жылдар бойына дәріс оқып машықтанып келсе де, мол білімге, ерекше эрудицияға ие бола тұрса да, аса көрнекті ғалымның студенттер алдында өз жауаптылығын ұмытпауы, бұған  аса ұқыпты қарауы маған қатты әсер етті, таңырқатты да.

Мұқаң есіміне байланысты жеке бастың кейбір тар түсінігінен, күншілдік-қызғаныш, өтірік-өсек айтудан туған “шелухаларды” алып тастағанда, әз ағаның сүйкімді суреті, парасатты ойы, нәзік сезімталдығы, кейде тіпті бала тәрізді сенгіш мінезі жарқырай, айқындала түсіп, ол кісі бар болмысы, зор тұлғасымен көз алдыңда тұрғандай көрінеді. Иә, замана озған сайын данышпан адамның даңқы да зорая, шартарапқа жайыла бермек. Өмірдің бұл да бұлжымас заңдарының бірі.
                                                                                                                                                                                                              Ысқақ Дүйсенбаев, 1974 ж.

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Pinterest
LiveJournal
LinkedIn
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Аяулым Өмірбаева

Жазба қосу

Facebook пікір

Оқуға ұсынамыз:

Әз аға (Естеліктен)

Ырсымбетұлы Байғұттың “Наурыз” айы туралы толғауы

Қолтырауынның аузына доп қуалап жүріп түсіп кеткен

Алматыда қазақ күресінен ел біріншілігі аяқталды

Ұшақ қонатын уақытта кезекші диспетчер түс көріп жатқан

Асхат Өмірбаев: Жұпар (әңгіме)

Наурыз дегеніміз алаңға шығып, кәуәп жеп қайту ма?

Хамит Ерғалиев: Адамның арын төккен – қайыршы күн…

Наурыз мерекесін “РЕФОРМАЛАУ” қажет пе?

«Хан Шатырда» Наурыз мерекесі 3 күн тойланады

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Жоғары шығу
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу