Нашақорлық – тұңғиыққа апарар жол

385

Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Шүлбі кентіндегі орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық – тұңғиыққа апарар жол» атты шок-сабақ өткізілді.

Шара басында кітапханашы  шылым шегу, ішімдік, есірткіні пайдалану сияқты зиянды әдеттердің  адам денсаулығына келтірер зардаптары туралы әңгімеледі. Оқушылар кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктері, есірткі заттарын пайдаланумен болатын қылмыстар және олардың қандай қайғылы жағдайларға әкеліп соғатыны туралы ақпараттар алды.

Әңгіме барысында балалардың белсенділігін арттыру үшін  Есірткі дегеніміз не?, Сен есірткіге қалай қарайсың?, Жасөспірімдер есірткіні неге тұтынады?, деген сұрақтар қойылып, жауаптары талқыланды.

Шара нашақорлықтың салдарынан  зардап шеккен жас адамардың жантүршігерлік суреттері бейнеленген слайд тұсаукесерінің көрсетілімімен жалғасты. Сондай-ақ, біреулер тарапынан есірткіні қабылдауға күштеп қысым көрсетілген жағдайда қалай қарсылық көрсету қажет екендігі төңірегінде кеңестер берілді.

Соңында «Нашақорлық – тұңғиыққа апарар жол» атты тақырыптық сөреге қойылған әдебиеттерге  шолу жасалды.

 Jarius Wright Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз