Семейдің бұрынғы аты – «Жетішатыр» емес, «Жетісарай» ма?

337

Семей қаласының тарихына байланысты көптеген деректер айтылып, кітаптар да жарыққа шығуда. Десе де, қанша адам болса, сонда пікір болады. «Семь-палаттан» – «Семей» атауы шықты дегенді мақұл көріп жүргеніміз жасырын емес. Аталмыш сөзді аударғанда «Жеті шатыр» болмақ. Осыған байланысты айтылмай келген бір дерек – «Жетісарай» атауы. Орыстар бекініс салмай тұрып, Ертіс жағасында «Жетісарай» салтанат құрған екен. Яғни, мұның түбі – тым арыда. Бұл деректің дәлелін мен Қабдеш Жұмаділовтің Қабанбай батырдың ерлігі туралы баяндалған «Дарабоз» атты кітабынан таптым. Сол кітаптан үзінді келтірейін:

«…Осындай ойлар құшағында бір-екі белдің астындағы ауылына да таяп қалған. Кезеңге шыға келгенде байқады: ауыл маңы қара-құраға толып кетіпті. Бір шетте шөгерілген жүкті түйелер, матастырылған ерттеулі аттар… «Бұлар кім болды екен?» деп таңданып үлгергенше, қарсы алдынан сүліктей қаракөк атқа мінген Шынқожа батыр шауып шықты. Қысқаша аман-сәлемнен кейін:

-Ой, Сардар аға, келгеніңіз мұндай жақсы болар ма! Енді болмаса сізді іздеп шыққалы тұр едім, – деді басына болат дулыға, үстіне жеңсіз көбе киіп, бес қаруын асынып алған Шыңқожа астындағы атын көкке шапшытып.

-Иә, не боп қалды? Тыныштық па? Мына ошарылып жатқандарың кімдер? – деді Қабанбай ауыл жақты нұсқап.

-Қалмақтар ғой… Елшіміз дейді. Араларында бір-екі орысы бар… Қалғаны – Қашқардан шыққан саудагерлер.

-Орыс дейсің бе? Бізге келе жатыр ма?

-Жоқ. Жоңғардан қайтқан беті болса керек. Жетісарайға*, одан ары Омбыға асатын көрінеді.

* Ол жылдары Семейді жұрт бұрынғы атымен «Жетісарай» деп атайтын. (автор)

Жоғарыдағы дерекке сүйенсек, Семейдің негізгі атауы – «Жетісарай» деген болжамға келеміз. Өйіткені, қазақ пен қалмақ арасындағы соғыс – орыс бекінісін құрудан бұрын болған. Тіпті, оның тарихы одан да тереңде жатыр.

 

 

Біржан Ахмер

  Dante Pettis Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз