Отқа оранған ұшақтағы 26 адам ауыр халде жатыр

197

Перуде қонар сәтте отқа оранған ұшақтағы 26 адам жапа шекті. Бұл туралы RT агенттігі хабарлады.

Peruvian Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Хауха қаласындағы әуежайға қону кезінде өртке оранған. Жапа шеккендердің арасында бір сәби бар. Қазір зардап шеккен 26 адам ауруханаға жеткізілді. Ұшақ бортында барлығы 141 жолаушы болған. Олардың бәрі эвакуацияланды. Айта кетейік, оқиғаға шассидегі техникалық ақау себеп болған.

Отқа оранған ұшақтағы 26 адам ауыр халде жатыр
Фото: twitter.com/alcfabian
 Kentavius Street Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз