Әлемдегі ең үлкен із табылды (ФОТО)

297

Әлемдегі ең үлкен із табылды (ФОТО)

Австралиялық ғалымдар Дампьер түбегінің жағалауынан динозаврлардың тасқа басылған мыңға жуық ізін тапты. Палеонтологтардың болжамынша олар шамамен 144 млн жыл бұрын пайда болған. Ғалымдар іздердің арасында жыртқыш динозаврларға да, шөппен қоректенетіндеріне де тән белгілердің бар екенін анықтаған. Оған қоса табылған табан ізінің бірі бүгінге дейін белгілі іздердің арасында ең үлкені болып отыр. Оның ұзындығы шамамен 2 метр.

Стив Селизбери, палеонтолог:

– Із тек су тартылған кезде ғана көрінеді. Сондықтан толқын кері қайтқанда жылдам әрекет етуіміз керек. Дрондарды пайдаланып жоғарыдан бірнеше сурет түсірдік. Сонымен бірге лазермен сканерлеу арқылы көшірмелерін алдық. Қолымызда жағалаудың толық картасы бар. Khalil Mack Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз