Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына орай «Шебер адам әлемі» атты ойын-сайыс өткізілді

273

Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына орай «Шебер адам әлемі» атты ойын-сайыс өткізілдіСемей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Шүлбі кентіндегі мектеп кешенінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына орай «Шебер адам әлемі» атты ойын-сайыс өткізілді.

Шара басында кітапхана қызметкері балаларға «Айшықты сөздің шебері» атты слайд тұсаукесерін көрсете отырып жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді. «Ұлпан», «Қазақ солдаты» және т.б. жекелеген шығармаларына тоқталып, олардың мазмұнын тереңірек аша түсті. Оқырмандар Ғ.Мүсіреповтің фотосуреттерін тамашалай отырып, жазушы өміріндегі қызықты деректермен танысты.

Шара жалғасында берілген ақпаратты түйіндеу мақсатында балаларға ойын-сайыс ұйымдастырылды. Ойын үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең жазушының өміріне арналса, екінші кезеңде шығармашылығы, ал үшінші кезеңде оны мәңгі есте қалдыратын тұлғалық қасиеттері жайлы сауалдар қойылды.

Соңында оқырмандардың назарына «Мерейгер жазушылар» атты кітап көрмесі ұсынылып, «Қыран туралы аңыз» әңгімесінен үзінді оқылды. Josh Robinson Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз