Тасқын бөгетті бұзып, шаһар көшелерін шайып кеткен

222

Тасқын бөгетті бұзып, шаһар көшелерін шайып кеткен

Австралияда ойран салған «Дебби» дауылы мен толассыз жауыннан кейін Квинсленд және Жаңа Оңтүстік Уэлс штаттарында сел жүрді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, тасқын Лисмор қаласындағы бөгетті бұзып, шаһар көшелерін шайып кеткен. Осыған байланысты мыңдаған тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Төтенше жағдай қызметінің мәліметі бойынша, кейбір аудандарда су деңгейі үш метрге дейін көтерілуі мүмкін. Жергілікті билік қалған тұрғындарға, жедел көшуге кеңес берді. Өйткені күре жолдар жабылып қалуы мүмкін. Метеорологтардың болжауынша, жауын-шашын әлі бірнеше күнге ұласады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 мың үй жарықсыз қалып, 1 мыңға жуық мектеп жұмысын тоқтатты. Полиция дауыл кезінде бір адамның жараланғанын хабарлады. Әзірге қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

 www.24.kz Rashaan Gaulden Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз