Қар құрсауында қалып, қаза тапқандар бар

205

Ақмола облысындағы құбылмалы күн райы халыққа қолайсыздық тудырды. Жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен кешегі жел аймақтағы он шақты әлеуметтік нысанның шатырын ұшырып әкеткен. Боранның салдарынан жолда қалғандар да бар. Кеше ғана еріген қар суынан әбден зәбір көрген ақмолалықтар бүгін күн райының күрт құбылуынан зардап шегіп отыр.

Қар құрсауында қалып, қаза тапқандар бар

Айталық, кешегі бұрқасыннан аймақ жолдарында көптеген көліктер қар құрсауында қалды. Тіпті арасында қаза тапқандар да бар. Олар Атбасардан шығып, Пригородное ауылының тұсында Ауди-80 көлігімен жолда қалған ерлі-зайыптылар екен.

Гүлнәр Пинчук, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

– Олар күйеуі 1966 жылы, ал әйелі 1968 жылы туылған Атбасар қаласының тұрғындары. Қазір оларға медициналық сараптама жасалып жатыр. Әзірге белгілісіз. Олардың денесінде ешқандай жарақат жоқ. Алдын-ала болжам бойынша ерлі-зайыптылар жолда қалып, қатты тоңып, содан көз жұмған болуы мүмкін. Ал екпіні өте күшті дауылдан кеше Зеренді және Атбасар аудандарында бас-аяғы 10 шақты білім беру нысандарының шатырлары ұшты. Олардың ішінде бірнеше балабақша, мектептер мен 2 колледж ғимараты бар. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

Ольга Ковалева, облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары:

– Қазір апаттың салдарын жоюға барынша тырысып жатырмыз. Бізде төтенше жағдайға деп арнайы қаржы қарастырылмаған. Дегенмен шатырларды тездетіп жөндеу үшін жергілікті бюджеттерден көмек сұраймыз. Аталған білім ошақтарында оқу процесі тоқтаған жоқ. Қазір Ақмола облысында бірнеше бағыттағы жабылған жолдар қайта ашылды. Дегенмен құтқарушылар өткен тәуліктерде алдын-ала ескертуді елемей, жолға шыққандар көп болғанын айтады. Мәселен, кеше кешкісін Аршалы ауданына қарасты Ижевский ауылының тұсында боранның салдарынан 11 көлік соқтығысып, 6 адам түрлі жарақат алған. Сондай-ақ, жолдарда қалып қойған көптеген көліктерден бас-аяғы 169 адам құтқарылыпты.

Дамир Берікұлы:

– Ауа райын болжаушылар алдағы күндері Ақмола облысында жел саябырсып, жауын-шашын азайғанмен, есесіне түнгі мезгілде ауа температурасы кей жерлерде 16 градусқа дейін төмендейді деп отыр. Сондықтан мамандар осы күндері тұрғындарды аса сақ болуға шақырады.

www.24.kz Trumaine Johnson Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз