Исаны крестен тү­сіріп жатқан сурет Cемей мұражайында

374

Исаны крестен тү­сіріп жатқан сурет Cемей мұражайында

Семейде Рембранттың суреті сақталған. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жазады.

Cемей шаһарындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында XVII-XVIII ғасырлардағы Батыс Еуропаның бірқатар графикалық жұмыстары сақталған. Бұл баға жетпес байлықтың ішінде, әсіресе, гравюралық суреттер таңғалдырмай қоймайды.

Гравюраны әдетте қатты заттардың бетіне (ол металл, ағаш немесе тас болуы мүмкін) салады. Содан кейін оның бетіне бояу жағып, басу арқылы бірнеше түрін алады. Әйгілі гол­ландық суретші Рембрандттың дәл осындай әдіс­пен салынған «Крестен түсіріп алу» картинасы мұра­жайдың графикаға арналған залының төрінде тұр.

Жалпы, ХVII-XVIII ғасыр­ларда еуропалық су­рет­­шілер тәураттық та­қы­рыптарға, Ін­жіл­дегі оқи­ғаларға арнал­ған сурет­терді көптеп сал­ғаны бел­гілі. Әсіресе, Иса пай­ғам­барды крестен шешіп алу сияқты сәттерді көптеп бей­нелеген. Сондай-ақ, грек аңыз­дарына бойлап, Амур, Зевс құдайларын кейіптеген. Бұл ретте Рембрандт Хар­менс Ван Рейннің картинасын италиялық жұ­мыс­тармен салыс­тыруға болады. Мәселен, голландық қыл­қалам шеберінің туын­дысында Исаның әлсіз халдегі күйі бейнеленсе, ита­лиялық суретшілер Иса­ны барлық күш-қуатын көр­сете отырып бейнелейді. Яғ­ни, Рембрандт оқиғаны шы­найы бейнелеуімен, адам­дардың жүзіндегі мұң, қай­ғы-қасірет табын жеткізе білуі­мен, тіпті, ойсыздықты, немқұрайдылықты, сүлесоқ­тықты да айта білуімен алға озады. Картинада тіп­ті, аспаннан бозғылтым сәуленің түсіп тұрғанын көруге болады. Осы бір XVII ғасырға (1633 жылы салынған) тиесілі картинаға қарап отырып, сол заман­дағы шынайылықты жаза алған Рембрандттың шебер­лігіне тәнті боласыз.

− Исаны крестен тү­сіріп алу өте кең тараған тақырып. Бұл туындыны бізге біраз жылдар бұрын Ресейдің әйгілі А.Пушкин атындағы бейнелеу өнері музейі сыйға берген болатын. Жалпы, гра­вюраның кескіндеме немесе жай туын­­дыдан ерекшелігі, бір гра­вюраның бірнеше кө­шір­­месін ғана жасауға бо­ла­ды. Яғни, ал­ғаш­қы үш-төрт көшірмесі аны­ғырақ шы­ғатындықтан өте құнды, түп­нұсқа саналады. Ал қал­ған нұсқаларының бояуы тез оңып кетеді. Сон­дықтан Рем­брандттың бұл туындысы алғашқы түпнұсқаға жа­татын өте қымбат жә­дігер­­лердің бірі, − дейді му­­­зей қыз­м­еткері Гүлжан Жәкеева.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан» газеті

 Pernell McPhee Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз