Білекке құлақ өсіп шығыпты

244

Қытайдың Сиань қаласында хирургтар науқасқа құлақ алмастыру операциясын жасады. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлайды.

Білекке құлақ өсіп шығыпты

Жасанды құлақ науқастың қолында жетілдірілді. Цзи есімді ер адам бір жылдан астам уақыт бұрын көлік апатында құлағынан айырылып қалған екен. Сианьдағы Xi’an Jiaotong University ауруханасының дәрігерлері жасанды құлақ жасау үшін қабырға шеміршегі мен 3D-принтерді қолданған. Наурыздың 29 күні жасалған операция 7 сағатқа созылды. Операция сәтті өтті, науқастың да жағдайы бірқалыпты. Жаңадан тігілген ағза екі апта ішінде толығымен жұмыс істейтін болады.

www.24.kz Kevin Hogan Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз