Лай көшкінінен 11 адам қаза тапты

227

Индонезияда толассыз жауған жаңбыр кесірінен лай көшкіні жүріп, 11 адам қаза тапты. Тағы бірнешеуі із-түзсіз жоғалған. Әзірге олардың нақты саны белгісіз. Жарақат алған 17 адам ауруханаға жөнелтілген. Оқыс оқиға Ява аралындағы Баранар ауылында болған. Көшкіннен 30 үй қирап, бірқатар нысан зақымданды. Қазір оқиға орнына құтқарушылар жетіп, іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, тұрғындарға бұл аймақта көшкін қаупінің бар екені ескертілген. Тұрғындар түні бойы қауіпсіз аймақта тігілген шатырларда түнеп, таң атқанда үйіне қайтқан. Лай көшкіні де сол кезде басталыпты.
Лай көшкінінен 11 адам қаза тапты

www.24.kz Kyle Murphy Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз