Атырау облысында 333 шақырым жол салынады

215

Атырау облысында 333 шақырым жол салынады

Биыл Атырау облысында 300-ден астам шақырым жол жөнделеді. Оның 250 шақырымы облыстық, аудан және қалалық маңыздағы жолдар. Бұған республикалық және облыстық бюджеттен шамамен 31,5 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Атырауда өткен облыстық қоғамдық кеңестің жиынында айтылды. Жалпы аймақтағы 2 мың шақырым жолдың 49 пайызы ғана жүруге жарамды болса, қалғаны сын көтермейді. Ал көп жылдардан бері жөндеу көрмеген республикалық маңыздағы «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» жолының 552 шақырымы облыс аумағын басып өтеді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген бұл жолды жөндеу жұмыстары алдағы шілде айынан басталады. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі арқылы осы жолдың бойына жүзден астам сервистік қызмет көрсету нысандары салынады.

Қайрат Нұртаев, облыстық ЖТ және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Бүгінгі күнге екі бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Бірінші бағыты ол «Атырау-Ақтөбе». Барлығы 155 шақырым сол 4 лотқа бөлінген. Бүгінгі күнге жобалық-сметалық құжаттамасы толықтай дайын. Соның былтыр 10 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстары басталды. 2019 жылдың аяғына дейін бітіру жоспарланып отыр. «Атырау-Астрахань» бағыты бойынша 6 лотқа бөлінген. Бүгінге 3 лотына жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Қалғаны үшеуі осы мамыр айында дайын болады.

www.24.kz Tyrann Mathieu Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз