Алып балық ауға түсті

305

Алып балық ауға түсті

Атырауда Жайық өзенінен салмағы 160 келі тартатын бекіре тұқымдас балық ауға түсті. Бұл – биылғы ғылыми-селекциялық бағыттағы балық аулау маусымы кезіндегі алғашқы ірі олжа. Сонау динозаврлар заманынан бері сақталып келе жатқан бекіре тұқымдас балықтардың ішіндегі төресі – қорытпа жергілікті шабақ өсіру зауытына жеткізілді.

Алып бекіре енді зауыттың арнайы тоғанында бағылады. Қазір мамандар су маржанының денсаулығын жіті бақылап отыр. Мамандардың айтуынша, бұл аналық балықтан 30 келіден астам уылдырық алынып, одан миллиондаған шабақ өсіріледі. Жалпы Атырау облысындағы екі зауытта жылына 7 млн данаға жуық бекіре шабағы қолдан өсіріліп, табиғи ортаға жіберіледі.

Болат Мұхатжиев, Бекіре өсіру зауытының бас инженері:

– Бұл көптен бері күтіп жүрген балығымыз. Өздеріңіз білесіздер, көптен бері қорытпа балығымыз болған жоқ. Енді мына балық аулау маусымы жақсы басталып жатыр деп есептейміз. Қазіргі уақытта біздер оны еркін жүрсін деп кең тоғанға жіберіп жатырмыз. Цехтың ішінде тағы да осы қорытпа балығының аталығы бар. Осы екеуінен біз болашақта біз жақсы шабақтар шығарамыз ба деп ойлап отырмыз.

www.24.kz Joseph Noteboom Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз