Қазақстан-өзбек шекарасының 5 өткізу бекеті жөндеуден өткізіледі

176

Ағымдағы жылдың 23 наурызында Астана қаласында Қазақстан және Өзбекстан Президенттерінің кездесуі барысында екі елдің шекаралық әріптестігін кеңейту туралы келісімге қол жеткізілген болатын.

 Аталған келісім барысында 2006 жылдың 4 қыркүйегіндегі қазақстан-өзбекстан шекаралық өткізу бекеті туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі  арасындағы Келісімнің Хаттамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды. Яғни, Қапланбек», «Қазығұрт» және «Атамекен» өткізу бекеттері «екіжақтылықтан» «көпжақтылыққа», «күндізгіден» «тәулік бойы» жұмыс тәртібіне көшеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің  апталық брифингі барысында ҚР МКК Департаменті директорының міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағанов хабарлады.

 «Целинный» және «Сырдария» жеңілдетілген өткізу бекеттері ашық»,-деді Жамбыл Сұрағанов.

 ҚР МКК Департаменті директорының міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағановтың айтуынша, қазіргі таңда Астана мен Ташкент арасында қазақстан-өзбекстан шекарасына қосымша өткізу бекеттерінің құрылыстары туралы мәселелер талқылануда.

 «Инвестициялар және даму министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, ҚР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ  Шекара қызметі және ОҚО әкімдігі қазақстан-өзбекстан шекаралық өткізу бекеттерін жаңарту мен қайта жөндеуден өткізу бойынша жоспар әзірленуде»,-деді Сұрағанов.

  Jay Bromley Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз