«Алаш» электронды кітапханасы: тұсаукесер

247

29 наурыз күні Абай атындағы кітапханада Алашорда Үкіметінің 100 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған «Алаш» электроды кітапханасының тұсаукесер рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Абай кітапханасының баспасөз қызметі. 

Алаш қайраткерлерінің барлық мұралары мен олардың шығармашылығы туралы басылымдарды, құнды құжаттарды еліміздегі және шетелдердегі  кітапханалар мен архивтерден, музейлер мен жеке авторлардың қорынан алып жинастырып, қазақ және орыс тілдерінде сандық форматта Интернет пайдаланушыларына кеңінен ұсыну, ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға  зиялы қауым өкілдері, алаштанушылар, тарихшы ғалымдар,  ЖОО мен колледждердің оқытушылары мен тарих пәнінің мұғалімдері, мектеп кітапханашылары қатысты. Қатысушыларды кітапхананың сирек басылымдар қоры мен  еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бері жарық көрген  Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен  бүгінгі алаштанушы ғалымдардың зерттеулерінен жасақталған «Алаш арыстарының мұралары» атты кең көлемді кітап көрмесі қарсы алды.

Тұсаукесер рәсімі «Дариға-ай» жастар театрының актерларының М.Жұмабаев «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» әдеби-музыкалық композициясымен ашылды. Шараны  қала әкімінің орынбасары Н.В.Шарова  кіріспе сөзбен ашып, Алаш  үкіметінің 100 жылдығына арналған осындай электронды кітапхананы еліміздің кез-келген жерінен пайдалану мүмкіндігіне өз ризашылығын білдірді.

Электронды кітапхананың қорына біздің кітапханамыздың сирек қорында сақталған, ХХ ғасырдың басында Мәскеуден, Орынбордан, Қызылордадан алаштықтырдың көзі тірісінде жарық көрген Алаш қайраткерлерінің құнды мұралары мен Орыс Географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің Жазбаларында жарық көрген мақаларынан бастап Тәуелсіздік алғаннан бері жарық көрген  Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен бүгінгі алаштанушы ғалымдардың зерттеулері және еліміздің кітапханалары қорынан алынған әдебиеттер мен мақалалардың толық мәтіні енгізілді. Сондай-ақ, еліміздің архивтері мен музейлері және Бішкек қаласындағы Қырғызстан Республикасы мемлекеттік  архивінен алынған  262 құнды құжаттар мен фотолар қамтылды.

Алашорда үкіметінің тарихы, белсенді қайраткерлері, мүшелері, кандидаттары,  оқу комиссариатының мүшелері туралы және  олардың есімдерімен аталған нысандар туралы ақпараттар рет-ретімен орналастырылды.

Шара барысында М.Қозыбаев атындағы тарих және саяси-әлеуметтік зерттеулер ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Кәрімов, тарихшы-журналист Мұратбек Кенемолдиндер сөз сөйлеп, кітапхана қорына орналастырылған материалдардың құндылығын айтып, өз ұсыныстарын білдірді.  М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің оқытушысы Самат Сыпатайұлы «Арыстар қайдасыңдар» әнін, бірнеше республикалық конкурстардың лауреаты, Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі Дәурен Абенов «Алға Қазақстан» әнін орындады. «Жас Алаш» газетінің тілшісі, бірнеше мәрте облыстық, республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегері Сәтжан Қасымжанұлы «Алаш» тақырыбына арналған жыр шашуын арнады.

Қатысушылар «Алаш» электронды кітапханасының қорымен танысып,  ризашылықтарын білдірді. Cordarrelle Patterson Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз