Семей: «Кітап кейіпкерлерінің әлемін аш» көрме-саяхаты

393

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап «РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКАРАСЫЗ АШЫҚ ОҚУ» жобасы аясында жаңа балалар кітаптарына арналған «КІТАП КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ ӘЛЕМІН АШ» атты көрме-саяхаты ұйымдастырылды. Жоба аясында, кішкентай  оқырмандарымыз Ресей жазушыларының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды.

Семей: «Кітап кейіпкерлерінің әлемін аш» көрме-саяхатыКөрме тұсаукесерін өткізу барысында ОКЖ кітапханаларында кештер, ойындар, викториналар сияқты түрлі форматтағы мәдени шаралар өткізілді.

Осы көрмеге арналған ауқымды іс-шара №12 кітапхана-бөлімшесінде өтті. Шараны ашқан кітапхана қызметкері балаларды Халықаралық балалар кітабы күнімен құттықтай отырып, осымен екінші жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облысы шекаралық аудандарының балалары  мен жасөспірімдеріне арналған  «ШЕКАРАСЫЗ АШЫҚ ОҚУ» атты ұзақ мерзімді жобасы туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар бұл жоба Ленинград облыстық балалар кітапханасының бастамасымен Ленинград облысы Үкіметінің «Шетелде тұратын отандастармен ынтымақтастық» бағдарламасы аясында Санкт-Петербург жазушылар одағының және ресейлік кітап  баспаларының  қолдауымен жүзеге асып отырғанын атап өтті.

Бұдан соң шараға қатысушы балалар мен қонақтар кітап оқудың маңыздылығы және балаларға арналған үздік шығармалармен танысудың қажеттілігі жайындағы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Балалар көрмеде ұсынылған әдебиеттер туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, көрмеге қойылған ертегілерден үзінділер мен өлеңдер оқыды.

С.Сахарновтың «Рам мен Рум» кітабы бойынша жасалған қызықты буктрейлерді тамашалаған балалар «Көңілді минуттар» атты сергіту сәтіне және «Ертегілерге саяхат» атты слайд-викторинаға қатысты. Nick Nelson Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз