Кітап – өркениеттің елшісі

269

 Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2003 жылдан бері 2 сәуірде аталып өтетін Халықаралық балалар кітабы күні мен 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күнін бірлестіре отырып, Кітап мерекесін өткізуді дәстүрге айналдырған.

Кітап – өркениеттің елшісіКітап мерекесінің аясында №34 мектептің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап – өркениеттің  елшісі» атты  ертеңгілік өткізілді.

Шара басында кітапхана қызметкері жыл сайын әлем елдерінде 2 сәуір ұлы ертегіші Г.Х.Андерсеннің туған күніне орай  Халықаралық балалар кітабы күні аталып өтетіні туралы ақпарат берді.

Г.Х.Андерсеннің шығарма-шылығы туралы әңгімелей келе, оның ертегілері мен хикаяларының маңызын түсіндірді.

Ертеңгілік слайд тұсаукесерінің көрсетілімімен қатар ұсынылған ертегі кейіпкерлерінен викториналық ойындарымен жалғасты. Бұдан әрі қатысушылар «Кітап театры» ұйымдастырған «Үйшік», «Шалқан» ертегілері бойынша театрландырылған көріністі көріп тамашалады.

Шара Орталық мәдениет және демалыс саябағының балалар вокал студиясының және  «Жас жұлдыз» балалар орталығы өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты. Мереке қонақтары – ата-аналар мен  ұстаздар жас өнерпаздарға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.

Шара соңында «Кітап мерекесі», «Ертегілер әлемінде» атты кітап көрмелеріне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Corey Bojorquez Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз