Халықаралық ауыл туризмі жобасы іске асырылады

400

Қазақстанда халықаралық ауыл туризмі жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы кеше Астана әкімдігіндегі туристік және қонақ үй бизнесі саласындағы қызметтерді реттеу мәселесін қозғаған өңірлік штаб отырысында айтылды.

Халықаралық ауыл туризмі жобасы іске асырылады

«Бүгінгі күні біздің қауымдастық ауыл туризмін дамытуға бағытталған үлкен халықаралық жобаға қатысып жатыр. Осыдан екі апта бұрын ғана біз Алматы мен Жамбыл облыстарына барып, аталған жобаға қызықты болатын орын таңдап қайттық», – деді «Қазақстанның қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастысы» ЗТБ-ның вице-президенті Наталья Сергеенкова.

Қауымдастық вице-президентінің айтуынша, жобаны жүзеге асыратын орын ретінде Алматы түбіндегі ЮНЕСКО қамқорлығына алынған Таңбалы тас мекені таңдап алынған.

«Ол өте қызықты орын болғанымен бүгінгі күні ешқандай инфрақұрылымы жоқ. Жергілікті адамдар да, шетелдіктер де оған барынша қызығушылық танытады. Өйткені, ондай орын әлемде өте аз. Біз сол жерде ауыл туризмін дамытқымыз келеді. Мәселе ауыл үйлерін ашу төңірегінде болып отыр. Ол қолға алынса тақау маңдағы ауыл тұрғындарына туризммен ақша табуға жақсы мүмкіндік болар еді», – деді Сергеенкова.

Оның сөзіне қарағанда, туристерге арналған үйлердің стандарттары қазіргі уақытта жасалып жатыр.

«Бастапқыда 10-15 үйді қамтуды есепке алып отырмыз. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жоба үш жылға, атап айтқанда 2017, 2018, 2019 жылдарға есептелінген. Жоба қолға алынды, дегенмен, қарапайым жолдың өзі дұрыс болмаса ештеңенің де жасалмайтындығы айтпаса да түсінікті. Ағымдағы жылы Таңбалыға дейінгі жол жөнделетін болады», – деді ол. Patrick Omameh Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз