ШҚО-да жерасты суларының деңгейі көтеріліп кетті

270

ШҚО-да жерасты суларының деңгейі көтеріліп кетті

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында жерасты сулары көтеріліп, жұртты әбігерге салып тұр. Глуховка ауылының шетіндегі бірнеше үйдің ауласы зардап шеккен. Қазір аудандық әкімдік пен жергілікті шаруа қожалықтары және тұрғындар бірлесіп, төтенше жағдаймен күресіп жатыр. Бұл туралы 24-арна хабарлады.

Барлығы 10-нан астам техника және 40 шақты адам жұмылдырылған. Глуховка ауылының тұрғыны Саят Жәкенов бірнеше күннен бері ауласына кірген сумен алысып жүр. «3 – 4 жылдан бері көктемде осылай әбігерге түсеміз, әбден мазамыз қашты», – дейді ол. Саят Жәкенов,

Глуховка ауылының тұрғыны:

– Биыл үйге кірген жоқ су, міне, құм төгіп, қоршап қойдық. Осының арқасында ұсталынып тұр. Ар жақта да істеп жатыр. Топырақты үйіп жатыр. Білмеймін, бұл астынан шығып жатқан су шығар. Бірақ әкімдік бәрін істеп жатыр. Халық та көмектесіп жатыр. Бірақ бұл су көтеріліп жатыр.

Құтқару жұмыстарына Бесқарағай аудандық әкімдігінің коммуналдық шаруашылық техникалары, жергілікті тұрғындар, тіпті орманшыларға дейін жаппай жұмылып жатыр. Арнайы қондырғылар көмегімен 620 текше метр су сорылыпты. Мың текше метрге жуық құм төгілген.

Алмас Тастенбеков, Бесқарағай аудандық әкімдігінің бөлім жетекшісі:

– Жиналған суға бағыт – арық қазып, суды басқа арнаға қарай бұру жұмыстары жүріп жатыр. 6 күн бойы осы қызметкерлер, тұрғындар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Су басу қаупі қазіргі таңда жоқ. Жағдай тұрақты. Жерасты сулары көтерілу мәселесін тасқын қаупі біткеннен кейін анықтайтын боламыз. Арнайы комиссия құрып, соны тексеретін боламыз.

Аудандық бюджеттен төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жұмыстарына 10 миллион теңге қарастырылыпты. Қазір барлық қауіпті аумақтар анықталып, гидробекетте кезекшілік орнатылған. Әзірге Ертістегі мұздың қалыңдығы – 64 сантиметр, судың деңгейі – 2 метр 14 сантиметр. «Бұл қауіпті межеден 2 есе төмен»,- дейді мамандар. Ray-Ray Armstrong Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз