15 жылда әлемдік геосаясат қалай өзгеруі мүмкін?

327

«Орталық Азияны кім басқарса, оның бүкіл Азияға үстемдігі жүреді, ал Азияда кімнің ыкпалы мықты болса, сол мемлекет бүкіләлемді билейтін болады». Ағылшын саясат- танушысы Хелфорд Макиндердің бұл пікірі XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында бұрынғыдан да айқындала түскені байқалып келеді.

Расында, бүгінгі таңда «15 жылдан кейін саясатта не өзгеріс болады?» деген мәселе өзекті болып тұр. Қазір бүкіл- әлемге ықпалы жүріп тұрған АҚШ-тың гегемондығы қанша уақытқа созылмақ? Қазіргі кезде сарапшыларды мазалаған саяси сауал да осыған келіп тіреледі. КСРО құлағалы бері әлемде бірден-бір супердержава ретінде қалып, төрт құрлыққа үстемдігін жүргізіп келе жатқан Ақ үй саясатына шындығы керек, қазір қарсы тұрар күш табылмай тұр. Десек те, соңғы кезде саясаттанушылар алдағы он бес жылда АҚШ-тың бір полярлы саясаты қатты қарсылыққа тап болатынын айтуда. Ал бұл қаншалықты дәлелді?

Өткенде «Еуропа реформалар орталығының» сарапшысы Марк Леонард бұрыннан айтылып келе жатқан осы тектес болжамдардың алдағы 15 жылда ақиқатқа айналатынын айтты. Оның зерттеулеріне қарағанда, «әлем төрт полюсті лагерьге бөлінеді және бұл болжам сөзсіз орын алады. Өйткені күн санап өсіп келе жатқан Қытай әкономикасы қалған қуатты елдерге қаупін төндіріп тұр. 15 жылда АҚШ супердержавалық сипатынан айрылады да, оны мүдделері жақындасып келе жатқан Қытай мен Ресей ықпал ету арқылы саяси сахнадан ығыстырып шығарады. Ал Еуроодақ елдері де көпполярлық саясат ұстанып, демократиялық дамуға бет алған елдермен ынтымақтастык орнатуды алдына мақсат етіп қояды. Бір жақта АҚШ, екінші жақты құрайтын Ресей – Қытай және өз алдына жеке саясат ұстануға тырысатын кейбір Еуроодақ елдерінің ұстанған бағыты әлемде торт полюсті лагерьдің кұрылуына әкеп соғады». Лондон сарапшысы Марк Леонардтың бұл болжамы басқа да саясаттанушылардың назарын аударып, кызықтырып отырғаны рас.

«2020 жылы Қытай әкономикалық өсімі және тұтыну қабілеті бойынша, АҚШ-ты басып озып, әлемде бірінші – орынға шығады. Екінші орынға – АҚШ, ал үшінші орынға – Жапония мен Еуроодақ елдерін артқа қалдырып, Үндістан көтеріледі. Ал Ресейге келетін болсақ, ресми Мәскеу мұнайдан зор табыс тапқанымен, елдің әкономикасы қазіргі Франция мемлекетінің дәрежесіндей деңгейде болады. Әйтсе де, Америка 15 жылдан кейін әкономикасы, әскери қуаты күшті елдердің қатарында тұрады, бірақ Қытай, Еурооадақ елдерінің ұстанған саясатымен келісіп отырып, мәміле жасайтын болады. Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғын- да Берлин қабырғасы құлағаннан кейін Батыс елдері өз мәдениеті мен идеяларын жүргізіп келсе, енді бұл басымдық жойылады. Азия елдері, атап айтқанда Қытай мен Ресей өздерінің «ойын ережелерін» жүргізіп, оны құбылтып отыру мүмкіндігіне ие болады. 15 жылда Ресейде демократиялық құндылықтар артпауы мүмкін, бірақ Кремль өздерін әлемдегі «саяси-әскери державалық мықты ел» ретінде сипаттауға көшеді.

Алдағы 15 жылда Таяу Шығыс елдері геосаяси және идеологиялык тартыс пен бәсекенің аренасына айнала тү- седі. Бұл аймакта Үндістан мен Ресейдің ықпалы артады, әсіресе, Қытай бұл құрылықга басымдық саясатын жүргізе бастайды. Бірқатар араб елдері АҚШ-қа адалдығын сақтап қалады, ал калған мұсылман мемлекеттерінің бүйрегі Қытай ұстанған саясатқа қарай бұрылады».

Ағылшын сарапшысы, Марк Леонард «бұл құрылықта түбегейлі бетбұрыстардың орын алуы мүмкін сценарийдің бірі ретінде Сауд Арабиясының радикалды саясат ұстануын» айтады. Сарапшының пікірінше, Сауд Арабиясы АҚШ-пен одактастықтан бас тартып, Қытайға жақындайды. Бүл арада Азия аймағында Үндістанның саяси ықпалы артып, бірінші кезекте өз мүддесін күшейтуге ұмтылады.

Алайда қазіргі уақытта саяси-әскери доминанттығын та- нытып отырған АҚШ әлемде өзіне тікелей қатысты болып жатқан процестердің алдында жауапкершілікті мойнына алып отыр ма? Әрине, бұл өте маңызды мәселе.

Десек те, Қытайдың «қатал ойындағы жұмсақ экспансиясынан» қорқып отырған елдерге Пекин университетінің профессоры, тарихшы Чзан Цзылян былай деп басу айтады: «Бұл ғасыр Қытай ғасыры» болады деуге әлі ерте, өйткені елде шешілмеген проблемалар бар, ал Қытайдың супердержава болуы үшін кемінде 50 жыл керек».

Рас, Қытайдың өз ішінде әлеуметтік проблемалар жетер- лік. «Ең алдымен, Қытай коммунистік жүйеде өмір сүріп келе жатқанмен, ол қоғам өте нәзік. Өйткені қоғамға демократия әлементтерін енгізсе, «болашақ ұлықытайлық супердержавалық сипатынан» мемлекет аяқ астынан айырылып қалуы мүмкін. Демократиялық қайта құру алып Кеңес одағын да осылай құртты. Сондықтан қытайлық билік өз қоғамына жаңа өзгерістер енгізуден қауіптенеді» дейді Орта Азияны зерттеу орталығының сарапшысы, пәкстандық Им- тияз Шах.

…Расында, кез келген саяси ойын жасырын келісім арқылы жүргізіледі. Қазірдің өзінде Қытай мен Ресей билігі экономикалық интеграциялық жағынан бір-біріне жақындай түсті. Демек, мұның саяси мәні бар деген сөз. Бірақ Қытай қандай да ойынға ашық араласпайды. Сондықтан алдағы уақытта саяси сахнадан АҚШ-ты ығыстырады деу әлі ертерек сияқты.

Берік Бейсенұлы,

«Қалам мен ғалам» кітабынан

17 маусым 2011 жыл

zheruiyq.kz

 Adrian Clayborn Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз