• Алтын діңгек
  • Поэзия
  • Проза
  • Талқы
  • Әлем әдебиеті
"Жерұйық" әдебиеті
  • Алтын діңгек
  • Поэзия
  • Проза
  • Талқы
  • Әлем әдебиеті
Home
Алтын діңгек

Сағат Әбдуғалиев өлеңдері

adebiet comments 60

Өмірден ерте кетсе де, поэзия әлемінде өзіндік өлең өрнегімен із қалдырған Сағат ӘБДУҒАЛИЕВТЫҢ өршіл рухта жазылған жалынды жырлары тірнектеп жинақталып, соңғы жылдары баспасөз бетінде өте сирек жарияланып жүр.

1970 жылдардан бастап содыр саясаттың кесірінен қапасқа қамалып, түрменің талай «дәмін» татып, өлеңдегі өз бағасын ала амаған ақынның адуынды жырларының өлмейтініне біз бүгін көз жеткізіп отырмыз… Бұл басы ғана, алдағы уақытта да баспа бетін көрмеген ақынның «тентек» жырларын жарыққа шығару ойымыз да бар. Ол уақыт пен ізденістің еншісіндегі дүние екені даусыз.

Қуат ҚИЫҚБАЙ

 

 

 

Сағат Әбдуғалиев өлеңдері

(1948-1984 ж.ж.)

 

 КІНДІК ЖҰРТ – ҚАЗАҚСТАНЫМ

 

Тудырып пікір таласын,

Жайым жоқ елді екшемек.

Бөлмеймін қазақ даласын:

Жетісу,

Жайық,

Көкше – деп.

 

Даңқтан дарқан дәулетім,

Шабыттың шоғын шат үстеп.

Бөлмеймін баба әулетін:

Оңтүстік,

Шығыс,

Батыс – деп.

 

Оятып түнде үш рет,

Інжуің тапсын ізгі өлең.

Ұлы деп,

Орта,

Кіші – деп.

Бөлмеймін және «жүзге» мен.

 

Шапағат шағым шашты ірең,

Көңілді билеп құт кенен.

Жаудан да бетер қаскүнем,

Жұртымды,

Жерді жіктеген.

 

Жойылсын адам аласы,

Кеппеген күншіл ұрты удан.

Қарқара қазақ даласы,

Теңізі,

Тауы бір туған!

 

Жаңбырлы жаздың жалты игі,

Шалғынға түсіп шық теңге.

Қазақтың жаны аңқиды,

Жусаннан,

Қардан,

Сүттен де!

 

Арғымақ шалып қырларға,

Сүйемін күнді,

Ай төсін.

Рухымды көріп тұрғанда,

Руымды сұрап қайтесің?!

 

Бөлмеймін түрге түндікті еш,

Тұғырда тұрам тас түйін.

Қандары бірге кіндктес,

Қарт Арал,

Ертіс,

Каспийім.

 

Төсеулі көрпе, төрі кең,

Табатын туыс,

Дос талай.

Жанымның бірге көгімен:

Гурьев,

Шымкент,

Қостанай…

 

Сарыарқа жері – сом алтын,

Бұрымы бидай,

Сәнді иық.

Маңғыстау – донор,

Жомартым

Ғасырға жатқан қан құйып.

 

Қаратау жері – қазынам,

Толағай істен тапты ырыс.

Сылыңғыр Сырдың жазынан,

Сырғасын қақты ақ күріш.

 

Бұлбұлға толы көгалы,

Жетісу жері – жыршы әлем.

Жайықтың бегей бораны,

Серілігің үшін бір сәлем!
… Сайраттың құмбыл құс тілде,

Жанымның жаз ағыстарын.

Тілегімнің сенің үстінде,

Кіндік жұрт – Қазақстаным!

 

ҚАРОЙДАҒЫ ТОЛҒАНЫС

 

Аяулы анаң- ақиқат та,

Атаң – кек.

Төрелердің тәтті қанын татам деп,

Бөрілермен бөрілерше белдескен.

Сен менен де бақыттысың,

Махамбет!

 

Төс етіңді майыстырып тас тірлік,

Қуаныш па? –

Көжектейін қашты ырғып.

Садақада сапырылысқан жұртыңа,

Жаугерлікте бұйырмаған бас бірлік.

 

Заман деген

Заман емес – қари түн,

Бытырадай бөлініпті жан ұйқың.

Басың кетті,

Мына мылқау даланың,

Адамдыққа жеткізем деп «әр итін»…

О, Махамбет!

 

ТӘТТІ МҰҢ

 

Жанымнан көрдім кеше түн,

Жанарың жәуміт, жан құрбым.

Жұпары сенен есетін,

Жайықта жауған жаңбырдың.

 

Жалғанда жаңғақ тәтті ой көп,

Жазмыштан жүрдік сый күтіп.

Желбіреп желге ақ көйлек,

Жоғалдың қайда құйғытып?!

 

Жаралған жансың жыр үшін,

Жасырмай оны айта алам.

Жиырма бес – алмас қылышым,

Жадыма түсті-ау қайтадан.

 

Жүрекке сырнай сазын бер,

Жанталас ұқпай ешқашан.

Жүгірді бетке әжімдер,

Жабысты мына шашқа шаң.

 

Жаңғырса кейде сыр нәзік,

Жауапты дейсің бұған кім?

Жоқтасам сені, жыр жазып,

Жабыққан сәтте жұбандым.

 

Жұмбағы шалқар шақпенен,

Жадағай үміт тұтаттым.

Жоғалдың қайда, әттеген,

Жалғасы болмай кітаптың.

 

Жанымды жауып құм селі,

Жіктемен өшімді ешкімнен.

Жоғалтып алған бір сені,

Жүректі кешірмеспін мен!

Желілерге жариялау:

Facebook Twitter Google+ LinkedIn Pinterest

Facebook пікір

adebiet

Тағы оқыңыз:

Нұрлан Мәукенұлы: Үлбі сенің жағаңда, үлбіреді Үрбала Алтын діңгек
Наурыз 2nd, 2017

Нұрлан Мәукенұлы: Үлбі сенің жағаңда, үлбіреді Үрбала

Жұмекеннің жырлары Алтын діңгек
Ақпан 3rd, 2017

Жұмекеннің жырлары

Осы тектес:

Mar 2nd, 2017

Нұрлан Мәукенұлы: Үлбі сенің жағаңда, үлбіреді Үрбала

Feb 3rd, 2017

Жұмекеннің жырлары

  • Алтын діңгек
  • Поэзия
  • Проза
  • Талқы
  • Әлем әдебиеті
  • Жоғары шығу

Рейтинг

Ескерту

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Байланыс:


E-mail: [email protected]
Бас редактор:
Қуат Қиықбай
[email protected]

Куәлік

Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" әдебиеті
Сай дизайнын жасаған "Жерұйық" медиа орталығы