Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстік-шығыстында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең республиканың орталығының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл облыстарында найзағай кезінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл болады, Қызылорда облысында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Кызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.