Шыңғысхан – бүкіл әлемге танылған ұлы тұлға, ұлы қолбасшы, ұлы мемлекет, тіптен ұлы империя құрған адам. Оны Цезарьмен де, Наполеонмен де – ешқайсысымен салыстыруға болмайды, ол – бәрінен жоғары.
Мұхтар Мағауин
Адамзат тарихында есiмiн мәңгiлiк қалдырған жаһангерлер көп емес. Арғы-бергi тарихты зерттеушiлердiң дарындылығы жағынан Шыңғысханды Цезарь, Македонский, Ганнибал секiлдi әйгiлi қолбасшылардың бәрiнен жоғары қоятыны бар. Тiптi, Атилла-Едiлдiң өзi оның көлеңке тасасында қалып қоймақ. Ал ендi Азиядан шыққан алып тұлғаны бiз қалай дәрiптеп, оның тарихи мұрасын қалай зерделеп жатырмыз, бағасына жете алдық па?
Әмірхан Балқыбек