Ертіс өзені ернеуіне келді

Өзеннің кемерден асу қаупі арылғанша Шүлбі су қоймасынан төмен орналасқан елді-мекендердің ұйқысы тыныш болмай жүр,-деп хабарлайды “Жерұйық” порталы.

Қазір жоспарлы су босату жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл шара осы айдың аяғына дейін жалғасады дейді мамандар. Қазір өзендегі су деңгейі 386 сантиметрді көрсетіп тұр. Қауіпті меже – 450 сантиметр.

Дегенмен, «Қазгидромет» РМК мамандары 2 сағат сайын өлшеу жұмысын жүргізіп жатыр. Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына жағалауға жақындамауға және қауіпті аумақтарда мал жаймауға шақырып отыр.

Әзірге қалада үйлерді су басу дерегі жоқ.

Бағалау: 0

Автор: Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздар

Пікір жазу

Желімен кіру : 

Сіздің email сайтта көрсетілмейді. Міндетті ұяшықтарды толтырыңыз *

*

x

Тағы оқыңыз!

Адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше

Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің /ОКЖ/ ұйымдастыруымен  2003 жылдан бері дәстүрлі түрде қала көлемінде Кітап ...