Семей: 300 жылдықты қолдау – құлдық сананың көрінісі

Осыдан ширек ғасыр бұрын Алаш жұрты еліміздің тәуелсіздігін жариялап егенмендігін алған болатын. 300 жылдай өзге елдің боданы болған қазақ ұлтының құлдық санасы қалыптасып өзін-өзі құрметтеуден қалғаны қашан. 25 жыл бойы «Егемен Қазақстан» деп газет шығарып ұлттың ой санасын өзгертуге ұмтылсақта, құлдық санадан құтыла алмай келеміз. Соның айғағы орыс патшалығының Отанымызды отарлап қалаларға қойған атын әлі күнге өзгерте алмай келеміз. Қ.Р Мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов бастаған халық қалаулылары парламенттің мінберінен Астананың атын ауыстырайық-деп өңешін созып өзереугенше және де Кеңес Одағы көсемдерінің күштеп қойған қала, аудан, ауыл аттарын тәуелсіз елімізге тән қазақи атауларымен алмастырайық деп ешкім  білек сыбанып Петропавловск, Павлодар, Уральск, Устькаменегорск деген қала аттарын өзгертуге кіріспегеніне Алаш жұрты  наразы болуда. Ол аздай енді міне 2018 жылы Семипалатинск, 2020 жылы Устькаменегорск қалаларының 300 жылдығын тойлайық деген ұсыныстар пайда болып, халықтың ашу-ызасын туғызуда.

Орыс патшалығының қазақ жерін жаулап алып бекіністер салғаны тарихи шындық. Тоқтамыс ханның Мәскеуді жаулап алып Кремілді салғаны да ақиқат. Ресей мемлекеті Тоқтамыстың жеңісін ешқашан тойламайды, себебі, орыстардың ойлау жүйесінде құлдық сана жоқ. Бүгінгі Ресей билігі айдың күннің аманында Украйнадан Қырымды тартып алды. Қазақ жерінің солтүстік шығыс аймақтарын Ресейге  қайтарып алу керек деген ойларында жасырмай айтып жүр. Соны көре тұра біз неге Семипалатинск қамалының 300 жылдығын тойлап, бұл жер орыс патшалығының жаулап алған жері деп жар салуымыз қажет. Бұл әңгімені көтеріп жүрген адамдарды халық жауы деп айыптқың келеді, кейде. Еуропаның барлық елдерінен барған келімсектер Америка Құрама Шататтарын құрып қуатты ел болғанын тарихтан білеміз. Сол елде жыл сайын 4-ші шілдеде американдықтар Республика күнін  тойлайды. Ал үндістер өздерінің салт-дәстүріне сай азалы күнін атап өтеді. Орыс патшалығының Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін Кеңес үкіметі орнағанша 300-дей ірілі-ұсақ көтерілістер болған екен. Соның ең бір сүбелісі Кенесыры ханның ұлт азаттық көтерілісі. Кеңес үкіметі кезінде де Елбасы Н.Ә.Назарбаев та кезінде қатынасқан Теміртаудағы қазақ жастарының толқуы, Алматыдағы желтоқсан көтерілісі Қазақ ұлтының тәуелсіздікке ұмтылған іс әрекетінің белгісі емес пе. Сондықтан да, еліміздің егемендігі үшін күрескен ерлердің аруағын құрметтесек, Орыс патшалығына құл болғанымыздың белгісін тойламай, көтеріліс құрбандарына қатым түсіріп, құран бағыштауымыз ауадай қажет. Билік белден басып Семипалатинск қаласының 300 жылдығын тойлауы әкімшілік жолымен іске асырса Қазақ-Орыс ұлтының арасында теке-тірес басталуы мүмкін. Ұлтаралық толқулар пайда болады. Бұл біздің келешекте тәуелсіздігімізге, жеріміздің тұтастығынна  қауіп төндіреді. Осындай күрделі мәселені кешегі жергілікті атқарушы биліктің түсінбей отырғаны өте өкінішті. Мемлекетіміздің жүргізіп отырған идеологиясына мүлде қайшы әрекет деп білемін

Рахат Алтай,

«Ақжолтай» газетінің құрылтайшысы.

Семей қаласы

 

Бағалау: 0

Автор: Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздар

3 пікір

  1. Серикбосын

    Мықты болсаңдар, 1720 жыдары қазақ жұрты сай – сай, жылға -жылғаға қашып, тоз – тоз болып бастарың бірікпей, ұлы жүс түгелдей жоңғардың езгісінде болса, кіші жүз Россияның қол атына кіріуге ұмтылуға мәжбүр болса, орта жүз жоңғармен қаша соғысып күнін көрсе, жан жағыңды қамаған, Қоқан, Қытай, Жонғар және Россия болса, күнің не болар еді. Сол кездегі, ел бастаған, артынан халықы ерген, Аты белгілі азаматтарымызға, күл шашатын, алған бағытына, ұстаған саясатына күмән келтіретін сендер емессіңдер, себебі, геополитикалық саясаттан, жұрдай, қазақ халқы құрудың алдында тұрғанда сақтап қалған, жене сол қиынна жаңғыз жолмен алып шыққан азаматтарымыздың аруағының алдында күнәлі болмаңдар. Кеше ғана Аягөздің сұлтаны Барақ, Қарқаралының сұлтаны Құнанбайды және де басқаларын, біздің болашағымыз, өміріміз орыс халқымен болу керек деп айтып көндіргенін, Польшада көтеріліс ұйымдастырғаны үшін қазақ жеріне жер аударылған көрнекті саясаткер, қолбасшы және жазушы Адольф Яушкевич жазып кеткен емеспе еді. Сонда седер сол замааның ащы-тұщысын, жақсы- жаманын, тарлықты басынан кешкен азматтар дұрыс емес депексіңдерме. Осы Россия болмаса, басқасын айтпасақта, есімізде – де, көргебіз, 1968 -1969 жылдары КХР, ұлы жүз менікі деп Жалаңашкөлге баса кіргенде, қолыңнан ештеңе келмей бұкіл қазақ қытайдың қол астына кіріп, осы күні Қытайланып кеткен болр едіңдер. Жаңғыздың шаңы шықпас деген, мемелекет деген бір – бірне сүеніп күнін крген. 25- миллион халқы бар жерді басып алған СЕНДЕРДІҢ жоңғарларың қайда, көрсетші біреуін, жоңғарша сөлеп жүргенін. Бұл тақырып, саясатшының өрісі болса да, сендер тариқтыда, сол кездегі экономикалық дамудыда ой өлшемінен өткізуге, талғауғада шама – шарқтарың жетпегені көрініп тұр. Кеше ғана. қазқтың бірінші тарихшысы, саясаткер, заңгер, қоғам танушы А. Бокейханов, 1918 жылы Саратовта, одан кеиін Москвада, Совет Одағының алдында Қазақ елі, Россияға өз еркімен қосылғанын дәлелдеп берген. Сендер сияқты қарсыластары болған, олар Россияның азаматтары болатын. Себебі халқаралық Заң бойнша, өз еркімен қосылған ел, ертең өз еркімен заңды түрде бөліне алады.

    Бағалау: 1
  2. Серікболсын аға, Сіз айтып отырған тарихты және орын алған оқиғаладырды ешкім жоққа шығарғысы келіп отырған жоқ. Бұл жерде әңгіме Семей тарихын 300 жылмен шектеуге, мерейтой атауының астарын өзгертуге қатысты болып отыр. Қазір қоғам ортасын да 300 жылдық пен 1000 жылдықты қатар атау керек деген пікір белең алды. Соны бір жаққа шығарып, 1000 жылдықты ғана қалдырса деген тілегіміз бар.

    Бағалау: 0
  3. Егер тарихқа, үңле қарасақ Семипалатинск деп 1721 жылы деп қазіргі Старая Крепост дегенді айтқан. Мөлшері 50 – жылдан кейін, Найман сұлтаны Абулфездің6 патшаға жазған хаттың күшімен, қазіргі Семей қаласы салынған. Мен тұсінбеимін, 250 немесе 260 десеңдер ол фактысы бар. 300 дегенің қисыны жоқ. Ана Петербург пәлнбай жыл болған деді, ол сол жерде ірге тасын қалаған уақыттан баталады. Ал сол кезде маңайнда 4-5 деревня болған? олардың уақыты белгісіз. бірақ Петербордан үлкен. Сонда Петербугті сол деревнялардың атымен аталған жоқ емеспе. Заң түріде болса ешкімде ң демейді. Осы тұста заң тұрғысынан қандай қайшылық бар, соны реттеу керк. Бұл бірінші мәселе. Екішіден, 1000 жылма, немесе 2000 жылма, егрде растайтын тарихи құжаттар болса, ешкімде қарсы болмас. Мүмкін одан да көп шығар. Егерде ШҚО, жерінде алтын сырғалардың 5000 жылдай болғаны табылғанын білесіңдер, ғажабы алтын сырғаның түмесі дәнекерлумен қосылған. Біз білетін дәнекер технологисы, осы 1960 ж. технологиясы ашылған, дүни жүзінің ғалымдары бұл туралы ештеңе айта алмай отыр емеспе. Сондықтан асықпау керек -пе деймін. Кеше ғана, Пвлодарда бөрінің көтінше шуылдап Ермак қаласын – Аксу деп атағанымыз есіңдеме. Негізінде Ермак қазақ руларынан шыққан, Тайбұқаның 1222 жыдары осы Сібенің жерін Шынғысханна сүрапп алған. Ол туралы Томскінің воеводасы 1640 ж. Иван Годунов жазған, тағды Мамин Сибиряк, Миллер де жазып кеткен. Бұны Акедемик РАН РФ хақас Қызыласовта жазып кеткен. Бұлар Ермак қазақ руларынан дегенді айтады. Сонда біздің мүізі қарағайдай деп бөстірген тарихшыларымыз теріс қарап журме осы фактілерді көрмей. Тышқақ сиырдай болмауымыз керек. Шиеленстірудің себебі жоқ. Өздерң де блесідер Семей деген ат, бұрын болған дегенді Нұр-Қасымда аиттығой. Бұл ұсынысың, тарихи шешімін зерттеу керек, нақтылы таппаған, және маман тарихшылардың дәлелдері керек болар. Солардың қауымының талқысына түсу керек деймін. Халық есін білмеген бала сиқты, сондықтан пісуі жетпеген тақырып, оларға керегі жоқ. Қазақ, үндіс емес, бізде ондай салт жоқ, қазалы күнді, еске ала берсек, анау Таншихайдан басталған алғашқы оң қол, сол қол және оратлық қол деп түріктің алғашқы әскери құрамын құрғаннан бастасақ, 2000 жылдай уақыттағы азалы күнді еске алсақ, қуанышымыз қайда қалады. Сенікі дұрыс емес.

    Бағалау: 0

Пікір жазу

Желімен кіру : 

Сіздің email сайтта көрсетілмейді. Міндетті ұяшықтарды толтырыңыз *

*

x

Тағы оқыңыз!

Семейліктерді Ертіс сеңі алаңдатады

Ертіс өзенінде сең қозғалды.  Тәуліктік кезекшілік пен сақтық шараларының арқасында Бірлік, Жетіжар ауылдары су тасқынынан ...