• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Бас баған

З.Қабдолов: Ананың жер бетін басып жүргенін сезінуден асқан бақыт бар ма?

Ақпан 7th, 2017 Бiржан Ахмер comments 42

АНА ТУРАЛЫ МОНОЛОГ

О, дариға-ай, аспан астында ананың жер бетін басып жүргенін сезінуден асқан бақыт бар ма? Күн нұры, таң самалы, гүл иісі… Осының бәрі сені тапқан анаңның құдіретінен жаралған рахат екен-ғой. Тіршіліктің бар қызығы ананың саған дымы қалмай діңкесі құрып, елжіреп қараған көз шарасына сыйып, көз шарасында ғана тұрады екен-ау. Жер үстінен анаң кетті дегенше осынау жарық дүниеге деген жан жылылығыңның жарымы қараң қалды десейші!?

Ана! Сені қолымен жасап, саған жарық көрсетіп, бір рет кешер ғұмыр берген құдіреті күшті Құдай ғой ана. Тоғыз ай құрсақта көтерді. Сен анаңның мүсінін, нұрын алдың ба, қайттің? Жоқ, жоқ, анаңның ең сұлу шағы – сол сені көтеріп жүрген кезі. Солай емес пе?

Жер үстінде аяғы ауыр әйелдің дене бітімінен артық қандай сұлулық бар? Анадан туған адам ананың бұл сұлулығын тебіреніп білмес пе? Тоғыз күн толғатып жүрді. Сен анаңды азапқа салдың ба, қайттің? Әрине сен анаңды өлімнің шегіне апарып қойдың, сен анаға жасар ғұмыр бойы рахымың оның осы тұсына тартқан азабының бір минутына тұрар ма? Жоқ, олай болса, сен анаңа мәңгі бақи қарыздарсың, ана сені жылдар бойы, түн ұйқысын төрт бөліп бесікте тербетті. Қаз тұрғызып, қасына ертті… Сен өзіңе өзің күл, өз қолың өз аузыңа жетсін, адам бол, ұядан ұш, жөніңде жүр бәрібір ана көзі сенде, ана тілегі сенің үстіңде, сенің құрбаның болуға әрқашан даяр… Сөйткен анаға сен не көрсеттің, көп ренжіткен жоқпысың? Әй айналайын анажан-ай, бәрін кешіреді-ау, және сен қандай тентектік жасасаң, біржола ұмыта кешіреді-ау ол!.. Саған қараған көзінде әрқашан күдік емес, тап-таза үміт тұрады. Сол үмітті – ана үмітін қайтып ақтадың? Немен ақтадың?!

Анажан, айналайын атыңнан!

 

Зейнолла Қабдолов

 

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Facebook пікір

Бiржан Ахмер

Жазба қосу

Оқуға ұсынамыз:

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Әмірені улаған кім?

«Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды

1938 жылдың зобалаңында Сәкен ақын атылды ма?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Арыстар арасындағы хаттар (құнды дерек)

“Жоқтың” да жақсылығы болады

Жолымбет Мәкіш: Ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз…

Сегізінші наурыз селт еткізбес, тауқыметшіл, тырнақтай тіршілікті

Семейді дамыту жоспарында дүдәмал тұстар бар

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу