• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Маңдайалды

Әкім есебі: Ермак емеурінді түсінбейді екен

Ақпан 12th, 2017 kairat-sabyrbai comments 554

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтың халық алдындағы қорытынды есебіне біз де қатысқан едік. Қорытынды бас қосуға ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өзі де келіпті. Есеп беру жиыны қалыптасқан үрдіс бойынша мәресіне жетті. Бірақ, сол мәреге тақаған сәтте бір қызық көрініс орын алды. Баяндама оқылып, сұрақ-жауап аяқталып, жиынды түйіндеген Ермак Бидахметұлы облыс басшысы Даниал Кенжетайұлына бұрылып, «Сіз сөз аласыз ба, әлде жиынды аяқтай берейін бе» деген ишара жасады. Облыс басшысы жұрт алдында сыпайылық сақтап, жөн ғана басын изеп емеурін білдірді. Бұл емеурінді Ермак Сәлімов теріс түсінген екен, халыққа қарап «ал, осымен есептік жиынды аяқтайық» дегенін естеген бетте жұрт орындарынан тұра бастаған. Осы сәтте Д.Ахметовке қала әкімінің әлгі хабарламасын өзгертуге тура келді. Тықыршып отырған қауымның алды есікке жақындап қалған екен, Даниал Кенжетайұлының «Мен бір ауыз сөз айтайын» дегенін естіп, ел орына қайта отырды. «Е, бәсе, осылай болса керек еді» деген күбірлер де айтылып қалды.

Сілтідей тына қалған халықтың назары мінберге шыққан облыс әкімі Д.Ахметовке ауды. Техникаға жауапты мамандар қала басшысының әлгі хабарламасынан кейін сымдарды ажыратып үлгерсе керек, мінбердегі микрафон өшіп қалыпты (артынан қосылды). Құлшына сөз бастаған облыс басшысының дауысы құмығып шықты… Мәдениеті басым, тәжірибесі үстемдігінен болар облыс әкімі эмоция білдірмей, жиын барысында көтерілген кейбір сұрақтарға қатысты ойын жалғап кетті.

Жалпы, жиын соңында облыс басшысының сөз алу керектігі былайда түсінікті болатын. Себебі, сұрақ-жауап кезінде бірқатар сауалдар Д.Ахметовтың өзіне тікесінен қойлып жатты. Сонымен бірге, қала басшысы Ермак Сәлімовтың есеп беру кезінде идеологиялық мәселелер мен таяуда ғана орын алған Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі мен Жолдауына қатысты ештеңе айтылған жоқ еді. Тұрғындар сауалына қайтарған жауаптары да тұйық болып жатты. Облыс басшысына осы олқылықтың орынын толтырып кетпегенде өз атына үлкен сын болушы еді.

Даниал Кенжетайұлы қоғам арасында талқыға түсіп жатқан ел басқару, білім беру, тіл саясатына қатысты реформалардың мемлекет болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Қ.Зекенұлы,

«Жерұйық» порталы.

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakteLinkedInOdnoklassniki Whatsapp


Бағалау: 0

Facebook пікір

kairat-sabyrbai

Жазба қосу

Осы тектес:

Семейді селт еткізген оқиғалар (детектив әңгімелер)

Қарағандылық қанішердің Семейдегі қанды сапары

Құлдық психологияны “Көшпенділерден” де көрдік

Қайсысының сөзі халыққа жақын?..

Семейде «Сиыр соқпақ» жолдар да бар

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу