• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Бас баған

Қайсысының сөзі халыққа жақын?..

Ақпан 14th, 2017 kairat-sabyrbai comments 216

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтың 8 ақпандағы есеп беру жиынында орын алған жайдың тағы бірі мынандай болды. Тұрғындарға сұрақ қою кезегі келгенде әркім өзі дайындап келген сауалдарын қойып қолуға тырысты. Сұрақтармен қатар ұсыныс, пікірлер де айтылып жатты. Қос микрофонда кезек-кезек сөз алғандар арасынан екі адамның пікірін жеке бермекпіз. Екі ақсақалдың қайсысы не айтқысы келгенін оқырман өзі аңғаратын болар. Екі ақсақалдың бірі – ардагер ұстаз Совет Тоғызбаев болса, екіншісі – еңбек ардагері Махмуд Сариев.

Сонымен, кім не деді?

Совет Тоғызбаев:

– Құрметті әкімдер, Елбасы таяудағы Жолдауында «Мемлекеттік тілге басымдық беріледі және қазақ тіліне кең көңіл бөлінеді» деген болатын. Әр ұлт түрімен емес, тілімен ерекшеленеді. Тілінен айырылған халық барлық құндылығынан айырылатыны белгілі. Салтын, дәстүрін, тілін білмеген адам өз халқын толық құрметтей алмайды. Қай мемлекеттің тілі мықты болса, халық соның соңынан еруге мәжбүр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл бола тұрып қанат жаймауы халықтың намысына тиіп тұр. Елбасымыздың өзі «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деп талап қойған еді. Осы ескерілмей келеді. Семейде осындай жиын, басқосуларда қазақ тіліне орын бөлінбейді. Қоғамдық орындарда да солай. Мынау Абай, Шәкерім, Мұхтар елінде қазақ тілі мәртебесінің биіктегенін қашан көреміз! Мен сөйлесем орысша, Сен сөйлесең орысша, Ол сөйлесе орысша, Ана тілді сонда біз, тастаймыз ба қоқысқа! Құрметті әкімдер, тіл мәселесін реттеу сіздердің қолдарыңызда. Орынбасарларыңыздан бастап, бөлім басшыларыңыз мемлекет тілінде сөйлемейді. Алдына барған адамдар қазақ тілінде жауап ала алмайды. Мемлекеттік  тілде амандасып, ары қарай ресми тілде жалғасаңыздар ол қалай көктейді. Осы жағына қатты мән берсеңіздер екен.

Махмуд Сариев:

– Біздің қалада өсіп-өркендеген «миллионер» байлар жетеді. Бірақ, олар өз жерлестеріне, қалаға көмектескісі келмейді. Неге олар қаланың жақсаруына өз үлестерін қоспайды? Депутаттар да солай. Әйел депутаттар жүгіріп жүреді, ер азамат депутаттар қозғалмайды. Олар кешке дейін қала әкімінен талап ете бермей, қаланың көркейуі үшін өздері де жұмыс істеулері керек қой.  

Біздің қаланың әкімі Ермак Сәлімов жұмыс жасамай жатқан жоқ, біраз шаруа тындырды. Бірақ, жалғыз өзі не істейді, айналасы қимылдамаса… Мен бұрын ойлайтынмын, әкімдерді «жегіш» екен деп. Соңғы кезде көзім жетті, мүлде олай емес екен. Анығында әкім «жемейді» екен, айналасы «жейді» екен. Сондықтан, қала әкімін біраз уақыттан кейін алып кетіп жүрмеңіз (облыс әкіміне қаратып айтқаны), бастаған жұмыстарын аяқтасын дегім келеді.

Қос қария халық алдында осылай деді. Қайсысының сөзі халыққа жақын екенін қырағы қауым өзі пайымдай жатар.

Байқасаңыз, Тоғызовты толғандырған тіл мәселесі. Ал, Сариевты сайратқан не нәрсе болуы мүмкін…

Қ.Зекенұлы,

«Жерұйық» порталы.

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakteLinkedInOdnoklassniki Whatsapp


Бағалау: 0

Facebook пікір

kairat-sabyrbai

Жазба қосу

Осы тектес:

Семейді селт еткізген оқиғалар (детектив әңгімелер)

Қарағандылық қанішердің Семейдегі қанды сапары

Семейде «Сиыр соқпақ» жолдар да бар

Әкім есебі: Ермак емеурінді түсінбейді екен

Әкім есебі ток-шоуға «тұздық» болды

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу