• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
○ Блогер жазбалары

Өсірген інің Көксерекке ұқсап, Өзіңе шапқан заман бұл…

Ақпан 17th, 2017 Бiржан Ахмер comments 467

Ғазалым менің, жазарым, жерім,
Жетімсіреген Қасымдай.
Қайда екен таза қазағым менің,
Ғазиза қыздың жасындай…

Күшікбай желі- азалы үн дедім,
Қапалы, қатты қапалы.
Еске алып балғын, таза күндерін,
Әлі де жылап жатады.

Бұйыратындай Алламның кәрі,
Көбейді тоқал, сақалдар.
Жанымда жүрген жандардың бәрі,
Адамдар емес, Ақандар.

Қасиет қалған жоқ демек құрсақ,
Өнеге айтпас ағам кіл.
Өсірген інің Көксерекке ұқсап,
Өзіңе шапқан заман бұл.

Айтарым менің боздап барады,
Шерімнің шоғын жел үрлей.
Өкініштісі сөз боп қалады,
Тектіғұл құлдың кегіндей.

Ағалардың аз алғыры қазір,
Бағым ба, әлде сорым ба?
Тілдің де жетім тағдыры қазір,
Жын – сайтандардың қолында.

Осылай, баба, ауыр лебізбен,
Күрсінем, налып, долданам.
Түрмені жасқа тәуір дегізген,
Баяғы заман, сол заман.
Кешір,баба!..
 

 

Тәуелсіздік!

Мойындатамыз әлемді бүгін,
Шуағы солғын таң да артта.
Өгей әкеге тәуелді күнім,
Құдайға шүкір, қалды артта.

Бодандық деген сөз қасымызда
Жоқ!
Өрге қолды созамыз.
Құдайға шүкір, өз басымызға,
Өзіміз ғана қожамыз.

Келешек күнге ұлы жол сап біз,
Шаттықпен бастық айқайға.
Бөтен бір елдің құлы болсақ біз,
Алаңсыз ішер шай қайда?

Ғажайып нұр бар көзімізде сан,
Тәңірге тәубе қылыңдар.
Егемен елміз.
Өзімізге тән,
Елтаңба, ұран, туым бар.

Мен болам ұлың безбейтін елден,
Ұлыңның, Құдай, сөзі бар,
Тәуелсіздікті сезбейтіндер мен,
Көрмейтіндердің көзін ал!

Тәуелсіздіктің әнін айтады,
Сыңғырлап теңгем қалтамда.
Еркін ойлансам тағы да-ай, тағы,
Еркіндік, сенің арқаңда.

Жаңалығым көп жаңғырып алар,
Елміз ғой бақ пен құты көп.
Елімде менің барлығы да бар,
Тек құстың ғана сүті жоқ.

 

 

Шәкәрім рухына!

Шәкәрім баба, баба Шәкәрім,
Өзің деп өлең бастадым.
Танытқан көпке алаш атағын
Астасқан көкпен асқарым.

Ардақты адамым ар таптағанда,
Ат – тонымды алып түңілем.
Жанымды ұғатын жан таппағанда
Рухыңа сенің жүгінем.

Мұтылған ождан, мұтылған ғұрып,
Жағдайы осы халықтың.
Айналам надан құтырған күліп,
Мен де одан, баба, жалықтым.

Жанарды жасқа бұлағым келед,
Тау-тасқа тиіп қу маңдай.
Дауыстап мен де жылағым келед(і)
Анамнан алғаш туғандай.

Ғұмырың сенің әулиелік дастан,
Мен соны, баба, сан ұқтым.
Ақиқат нұрын сәуле ғып шашқан,
Төбемде сенсің – жарық күн.

Сырымды ұшырдым өлең-кептермен,
Қабыл ал, бабам, Жасыным!
Құдыққа тастап төмендеткенмен,
Аспандап кеткен асылым.

 

Қуаныш Еркінұлы

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Facebook пікір

Бiржан Ахмер

Жазба қосу

Оқуға ұсынамыз:

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Әмірені улаған кім?

«Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды

1938 жылдың зобалаңында Сәкен ақын атылды ма?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Арыстар арасындағы хаттар (құнды дерек)

“Жоқтың” да жақсылығы болады

Жолымбет Мәкіш: Ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз…

Сегізінші наурыз селт еткізбес, тауқыметшіл, тырнақтай тіршілікті

Семейді дамыту жоспарында дүдәмал тұстар бар

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу