• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
○ Блогер жазбалары

“Әмірені” кім түсіріп жатыр?

Наурыз 1st, 2017 Бiржан Ахмер comments 24

Әйгілі әнші Әміре Қашаубаев туралы жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» деп аталатын әңгімесі бар. Осы әңгіме Әміренің әншілігін, адами болмысын, ортасын жан-жақты жарқырата ашқан әдеби ескерткіш. Қалың жұрт Әмірені әуелі «Әншіден» танып еді. 1925 жылы Парижде өткен өнер жәрмеңкесінде қазақ әнін әлемге танытып, Еуропаның таңдайын қаққызып таңғалдырған Әміре бейнесі енді халықаралық киноэкранға шықпақ. Қазіргі кезде түсірілімі жүріп жатқан бұл кинокартина 2017 жылы үлкен экранға шығады деп жоспарланып отыр. Кино жобаның аты «Әміре». Кино – Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы және инвестор, кинопродюсер Алидар Өтемұратов қатысуымен Қазақстан мен АҚШ-тың  бірлесіп түсірген алғашқы туындысы болмақ деп хабарлайды М.Әуезов театрының баспасөз қызметі.

«Әміре» фильмін америкалық режиссер Джеф Веспа түсіріп жатыр. Сценарий авторы – Бенжамин А. ван дер Вин. Біздің кино саласына шетелдік киногерлердің араласуымен түсірілген фильмдер баршылық. Алайда, бәрі сәтті шықты, табыс тапты, көрермен қызығушылығын тудырды деп айтуға келмейді. Бірақ, біз сөз етіп отырған фильмге М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік драма театрының үш бірдей актерына негізгі рөлдер берілген екен. Олар: Еркебұлан Дайыров, Алмас Шаяхметов және Оразхан Кенебаев. Кинодағы басты рөлді актер Санжар Мәдиев ойнайды.

Суретте: актер Еркебұлан Дайыров

Фильмнің бояуы қанық, құрылымы мен оқиға желісі америкалық режиссер мен  сценаристтің кәсіби шеберліктеріне түсер сын болғанымен, Еуропаға қазақ дауысын, қазақ әнін жеткізіп, сонымен күллі әлемді қазақ әнінің құдіретіне ұйытқан Әміре жайлы фильмдегі әнші және оның өмірі арқылы берілетін ұлттың мінезі, арман-мақсаты, мәдениеті, дүниеге көзқарасы осының бәрін жоғарыда аты аталған актерлар мейлінше жарқыратып көрсете алатынына сенім мол. Өйткені, қазақ болмысы – қазақ актерінің қанында бар. Актерлердың ішінде Еркебұлан Дайыровқа Мұстафа Шоқайдың рөлі берілген. Әміренің Еуропаға сапарындағы Мұстафа Шоқайдың орны ерекше екені белгілі. Әнші кейін елге оралған соң, Шоқаймен кездесуінің салдарынан қызыл өкімет тарапынан қысым көргені де мәлім. Сондықтан, Мұстафа бейнесі фильмдегі ең шешуі әрі бұрылыстарға толы сәттері болады деп ойлаймыз. Ал, Еркебұлан ұлы мақсаттар жетегіндегі Шоқайдың эмиграциядағы өмірінің Әміремен жолығу сәттерін, оның әнші тағдырында қалдырған ізін терең сезіне отырып, жеткізе алады. Себебі, бұған дейін Қазақстан кино сыншылары тарапынан оң баға алып, 37 ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінде үздік ер адам ролі номинациясын иеленген. Әрі режиссер Ақан Сатаевтың «Бауыржан Момышұлы» фильмінде де басты рөлді ойнап, батырдың образын өте жақсы алып шыққаны және бар. Демек, Дайыров өз «Әміре» фильмінде өзінің кино актерлық талантының тағы бір қырын есте қаларлықтай етіп көрсететініне күмән жоқ.

Суретте: актерлер Санжар Мәдиев (оң жақта) пен Алмас Шаяхметов (сол жақта)

Фильмдегі тағы бір айшықты бейне – Жұмат Шанин. Шаниннің кино образын Алмас Шаяхметов сомдайды. Жұмат Шанин қазақ театр өнерінің негізін қалаушы тұлға. Өмірі театрының өнерінің бастауында тұрған тұлғаның бейнесін сомдау театр актері үшін аса қиынға түспесі анық. Актерлардың рөлдеріне қарап отырып, фильмде өткен ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ өнері мен мәдениеті әрі қоғамдық-саяси жүйесі көрініс табатынын аңдау болады.

Фильмнің халықаралық прокатқа шығарылатыны әу баста айтылған. Егер кинокартинаның прокаты сәтті жүрсе, онда фильмге түскен актерлардың да алдынан үлкен жол ашылатыны сөзсіз.

Abai.kz 

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Facebook пікір

Бiржан Ахмер

Жазба қосу

Оқуға ұсынамыз:

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Әмірені улаған кім?

«Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды

1938 жылдың зобалаңында Сәкен ақын атылды ма?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Арыстар арасындағы хаттар (құнды дерек)

“Жоқтың” да жақсылығы болады

Жолымбет Мәкіш: Ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз…

Сегізінші наурыз селт еткізбес, тауқыметшіл, тырнақтай тіршілікті

Семейді дамыту жоспарында дүдәмал тұстар бар

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу