• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
○ Блогер жазбалары

Семейдің бұрынғы аты – «Жетішатыр» емес, «Жетісарай» (тың дерек)

Наурыз 5th, 2017 Бiржан Ахмер comments 45

Семей қаласының тарихына байланысты көптеген деректер айтылып, кітаптар да жарыққа шығуда. Десе де, қанша адам болса, сонда пікір болады. «Семь-палаттан» – «Семей» атауы шықты дегенді мақұл көріп жүргеніміз жасырын емес. Аталмыш сөзді аударғанда «Жеті шатыр» болмақ. Осыған байланысты айтылмай келген бір дерек – «Жетісарай» атауы. Орыстар бекініс салмай тұрып, Ертіс жағасында «Жетісарай» салтанат құрған екен. Яғни, мұның түбі – тым арыда. Бұл деректің дәлелін мен Қабдеш Жұмаділовтің Қабанбай батырдың ерлігі туралы баяндалған «Дарабоз» атты кітабынан таптым. Сол кітаптан үзінді келтірейін:

«…Осындай ойлар құшағында бір-екі белдің астындағы ауылына да таяп қалған. Кезеңге шыға келгенде байқады: ауыл маңы қара-құраға толып кетіпті. Бір шетте шөгерілген жүкті түйелер, матастырылған ерттеулі аттар… «Бұлар кім болды екен?» деп таңданып үлгергенше, қарсы алдынан сүліктей қаракөк атқа мінген Шынқожа батыр шауып шықты. Қысқаша аман-сәлемнен кейін:

-Ой, Сардар аға, келгеніңіз мұндай жақсы болар ма! Енді болмаса сізді іздеп шыққалы тұр едім, – деді басына болат дулыға, үстіне жеңсіз көбе киіп, бес қаруын асынып алған Шыңқожа астындағы атын көкке шапшытып.

-Иә, не боп қалды? Тыныштық па? Мына ошарылып жатқандарың кімдер? – деді Қабанбай ауыл жақты нұсқап.

-Қалмақтар ғой… Елшіміз дейді. Араларында бір-екі орысы бар… Қалғаны – Қашқардан шыққан саудагерлер.

-Орыс дейсің бе? Бізге келе жатыр ма?

-Жоқ. Жоңғардан қайтқан беті болса керек. Жетісарайға*, одан ары Омбыға асатын көрінеді.

* Ол жылдары Семейді жұрт бұрынғы атымен «Жетісарай» деп атайтын. (автор)

Жоғарыдағы дерекке сүйенсек, Семейдің негізгі атауы – «Жетісарай» деген болжамға келеміз. Өйіткені, қазақ пен қалмақ арасындағы соғыс – орыс бекінісін құрудан бұрын болған. Тіпті, оның тарихы одан да тереңде жатыр.

 

 

Біржан Ахмер

 

Бағалау: 0

Facebook пікір

Бiржан Ахмер

Жазба қосу

Оқуға ұсынамыз:

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Әмірені улаған кім?

«Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды

1938 жылдың зобалаңында Сәкен ақын атылды ма?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Арыстар арасындағы хаттар (құнды дерек)

“Жоқтың” да жақсылығы болады

Жолымбет Мәкіш: Ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз…

Сегізінші наурыз селт еткізбес, тауқыметшіл, тырнақтай тіршілікті

Семейді дамыту жоспарында дүдәмал тұстар бар

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу