6.3 магнитудалы жер сілкінісі болды

Шығыс Қазақстан облысында 6.3 магнитудалы жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды zheruiyq.kz

Зайсанда 6 баллдық жер сілкінісі сезілген. Ал Өскеменде 3-4 баллдық жер сілкінісі болған. Одан әрі Қытайдың Батыс аймақтарында жер сілкінген. Әлеуметтік желі пайдаланушылардың айтуынша, үйде үстел дірілдеп, төсек шықырлапты.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі 4 сәуірде, Астана уақытымен 21:03-те тіркелген. Эпицентрі – Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 863 шақырым жерде. Жер сілкінісінің ошағы – 10 шақырым тереңдікте. Энергетикалық дәрежесі – 13.3.

Бағалау: 0

Автор: Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздар

Пікір жазу

Желімен кіру : 

Сіздің email сайтта көрсетілмейді. Міндетті ұяшықтарды толтырыңыз *

*

x

Тағы оқыңыз!

Чилиде қуатты жер сілкінісі болды

Чилидің жағалауында күші 7,1 балдық жер сілкінісі болды. Табиғи апаттың ошағы Вальпараисо қаласынан 39 шақырым ...