Алматыдан 160 шақырым қашықтықта жер сілкінді
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станция желісі 21 сәуір күні сағат 06:55-те жер сілкінісін тіркеді.
Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.9 болса, MPV магнитудасы – 4.7.