Семейліктерді Ертіс сеңі алаңдатады

Ертіс өзенінде сең қозғалды.  Тәуліктік кезекшілік пен сақтық шараларының арқасында Бірлік, Жетіжар ауылдары су тасқынынан аман. Ал Кривинка ауылы үшін қауіп сейілген жоқ.  Сондықтан мұз жару жұмыстары қолға алынды. 500-ге жуық тұрғыны бар  Кривинка ауылында тасқынның алдын алу шаралары жүргізілуде.

Мұнда өткелдер жөндеуден өткізіліп, қаптарға құм толтырылған. Сонымен қатар, мұз жару жұмыстарына мамандар тартылып, жарылғыш заттармен қамтамасыз етіліп, өзен құрсауын ағытып, судың кемерден асуына жол бермеу шаралары жасалып жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, Кривинка ауылына су қаптап кету қаупі бар, 78-жылдары топан су басып, ауыл ішінде қайықпен жүрген кездері болған екен. “Жаман айтпай, жақсы жоқ, сақтансаң, сақтайды” дейді.

Ал, синоптиктер алдағы күндері өңірде жауын-шашын болатынын ескертіп отыр. «Ең бастысы, тасқынның алдын алуда тұрғындар мен атқарушы билік арасында өзара түсіністік орнаған», – дейді жергілікті билік өкілдері.

 

Бағалау: 0

Автор: Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздар

Пікір жазу

Желімен кіру : 

Сіздің email сайтта көрсетілмейді. Міндетті ұяшықтарды толтырыңыз *

*

x

Тағы оқыңыз!

Қазақстан ДСҰ-ның сауда және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетін басқарды

Сәуірдің 7-інде Дүниежүзілік сауда ұйымының бас кеңесінің отырысында 2017 жылғы ДСҰ бас органдарының төрағаларының тағайындауы ...