Солтүстік Корея билігі Корей түбегінде оқу-жаттығу өткізуге келген Америкалық ұшақтардың ұшып-қонуға арналған «Карл Винсон» кемесін суға батырамыз, деп сес көрсетті. Мұндай мәлімдеме Солтүстік Кореяның билік басындағы партияға қарасты басылымда жарияланды.
Онда кемеге жасалатын соққы Пхеньянның әскери күшін көрсетеді делінген. Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея Австралия билігіне де, егер АҚШ ұстанған саясаттың сойылын соқса, ядролық соққы жасаймын деп сес көрсеткен болатын.