Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды

Биыл неміс тіліндегі бай әдеби қор қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасымен толықты, деп хабарлады «Әдебиет» порталы.

Поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шықты. 

Поэманың неміс тіліндегі нұсқасының авторы – неміс жазушысы Герт Хайденрайх.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен салт-дәстүрін неміс тілді оқырмандарға кеңінен таныстыратын «Құлагер» поэмасының алғашқы тұсаукесері 2016 жылдың наурыз айында Лейпциг қаласында кезекті халықаралық кітап жәрмеңкесінде (Leipziger Buchmesse) өткен еді.

2016 жылдың 25 – 27 мамыр күндері «Құлагердің» неміс тіліндегі аудармасының тұсаукесері Астана мен Алматы қалаларында да өтті.

Аталған шараға осы жобаға қатысқан аудармашылар мен Ілияс Жансүгіровтің қызы – Ильфа Ілиясқызы арнайы шақырылды.
Аударманың тұсаукесерін танымал тележүргізуші, ақын Жаңыл Асылбекова жүргізді.

 

Бағалау: 0

Автор: Бiржан Ахмер

Пікір жазу

Желімен кіру : 

Сіздің email сайтта көрсетілмейді. Міндетті ұяшықтарды толтырыңыз *

*