Өткенде көшеден бір танысымды кездестіріп қалдым:
-Жәке, футбол қарап жүрсің бе?
-Қатты қызығушылығым жоқ, бірақ, күй келгенде көріп жүрмін.
-Англияның жеңісіне “ставка” қояйын деп тұрмын, қалай қарайсың?
-Білмеймін бауырым, мен бір пайызы өте жоғары жер тауып алғанмын, соған тігемін үнемі.
-Ол қандай айтшы, айтшы…
-Қолымнан келген жерде САДАҚА беріп тұрамын.
Үндемей қалды. Күлгенде жоқ. Сау бол айтуды да ұмытып, өз жолымен кете барды.
Авторы: танымал журналист Жанжігіт ОМАРХАН
Сіз не дейсіз оқырман?