• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Тарих

Барқытбел баурайында бой көтерген ескерткіштер рухымызды асқақтатты

Шілде 7th, 2016 Жерұйық comments 355

 

DSC_0147

Алмас Ахметбекұлы Ақжардағы Мақта ана мен Бәйжігіт баба ескерткіші жанында ақжаулықты аналармен бірге

DSC_0087

Аудан орталығындағы Ақсуаттағы ел анасы – Мұрын ана ескерткіші

DSC_0244

Ойшіліктегі хан Тоғас ескерткіші

DSC_0230

хан Тоғас ескерткіші жанындағы батыр баба ұрпақтары

    Ораза айттың алғашқы екі күнінде Тарбағатай ауданы айшықты оқиғаларға толы болды. Атап айтқанда, Ақжарда жаңадан саябақ ашылып, онда Мақта апа мен баласы Байжігіт бабаға, Ақсуаттан да жаңа саябақ ашылып, мұнда Мұрын анаға және Ойшілікте хан Тоғасқа еңселі ескерткіштер ашылды. Тарбағатай ауданы әкімі Д.Оразбаевтың қатысуымен аталмыш ұлы тұлғаларымыздың тарих сахнасынан алар орны, қайраткерлік істері туралы тарихшылар, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің басын қосқан ауқымды танымдық конференциялар өткізілді. Мазмұнды баяндамалар оқылды, ой-пікірлер ортаға салынды, кестелі өлең-жырдың тиегі ағытылды. Мұның барлығы аудан халқының санасына рухани сілкініс әкелді десек, артық айтқандық емес.

   Бұл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, елордамыздың туған күнімен тұспа-тұс келген ерекше оқиға болды. Осы тұрғыдан алғанда, ұлы тұлғаларымызды ұлықтап, оларға ескерткіштер тұрғызылуы дер кезінде қолға алынған іс екендігі анық. Өткенде қазақ күресінен осы ауданда Ырғызбай әулиенің атына өткізілген халықаралық жарысты мұқым ел біледі. Бұл жолғы игі шаралар да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алыс-жақыннан елімізге елеулі ағайындар келіп, тарбағатайлықтармен бірге осынау қуанышты сәттерді бөлісті. Аудан халқы рухани Тәуелсіздіктің тәтті дәмін айқын сезінді.

«Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының ауылдық жерлерді көркейту, абаттандыру туралы тапсырмасы бар. Осыған сәйкес, аудан бойынша ауқымды жұмыстар да атқарылғандығына куә болып қайттық. “Балалар ойнайтын алаңдар, саябақтар, су бұрқақтар салынуда. Мінеки, Ақсуат пен Ақжардан жаңадан демалыс саябағын ашып жатырмыз. Ұлыларымызға құрмет көрсетіп, Мақта апа-Байжігіт баба, Мұрын ана, хан Тоғасқа араналған ескерткіштер бой көтерді. Мұның барлығы аудан халқының келешегі үшін жасалып жатқан дүниелер. Бұл жалғыз менің ғана емес, басшылық құрамдағы команданың жүйелі жұмысының нәтижесі»,- деді аудан әкімі Д.Оразбаев салтанатты шара барысында.

Сонымен қатар, дүбірлі жиынға арнайы келген қонақтар – жазушы-журналист, «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт,  әр ауыл туралы ерекше тебіреніп жазған ақын Әбубәкір Қайран, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының оңтүстік аймақ бойынша төрағасы, профессор Жарқынбек Төлтебай, көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жеңімпазы, ақын Бақытжан Алдияр, «Байжігіт» әнінің авторы, әнші Нышан Төлегеновтар оңтүстіктің ыстық сәлемін жеткізіп, ақжарма тілектерін айтты.

Сондай-ақ, «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған белгілі ақын Алмас Ахметбекұлы, ғалым Махмұт Түйебаев, ҚР мәдениет қайраткері, журналист Сайраш Әбішқызы, мүсіншілер Әлібек Шоқанов, Болат Кәрібаев, тарихшы Мұхтарбек Кәрімов, СММУ ректоры, профессор Төлебай Рахыпбеков, «Құрмет» орденінің иегері Түсіпхан Түсіпбеков, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» Бақыт Қажыбаев, білім беру ісінің үздігі, экономика ғылымдарының докторы Нәдірбек Абсалямов, танымал суретші Еркін Нұразхан және тағы басқа тұлғалар ұлы аналарымызға, батырларымызға ашылған ескерткіштердің мән-маңызына тоқталып, құттықтау лебіздерін білдірді.

«Қазақстанның шығыс өңірі талай талас-тартысты, қиян-кескі шайқастарды басынан өткерген мекен. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» болған заманда бұл өлкедегі халықты Алтайдың, Тарбағатайдың кемерінен асырмай ұстап қалған осынау біздің ата-бабаларымыз, солардың жанкешті ерлігі. Керемет даңқпен, керемет мақтанышпен айтуға болады. Бүгінгі мынау ұлы тұлғаларымызға ескерткіштердің ашылуы бұл ұлттың оянуы. Мәселен, Мұрын анамызға қойылған ескерткішті қазақ қыздарының тәрбиесіне қойылған символ деп білемін. Гендерлік саясат деп ұрандаған кейбір елдер ананы сыйлауды, қыз баланы қадірлеуді қажет болса бізден үйренсін. «Ер бала туса ұл бала туды дейтін, қыз бала туса нұр бала туды» дейтін халықпыз. «Елжіреген жүзінен көрінетін, еміренген жүрегі бала деген» аналар қашанда құрметті. Сондықтан, Мұрын, Мақта сияқты аналарымызды қалай әспеттесек те жарасады»,- деді Алмас Ахметбекұлы ағынан жарылып. Расында, алып та, батыр да, ақын да анадан туады емес пе! Отбасының ғана емес, бүкіл рулы елге ана бола білген Мұрын, Мақта анамыз бен батыр Тоғас бабамыздың рухын асқақтатқан ұрпағының атқарған ісі көпке өнеге боларлықтай.

“Жерұйық” порталы

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Бағалау: 0

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Facebook пікір

Оқуға ұсынамыз:

Еңбек өнімін арттыру үшін не істеу керек?

Жұртыма қызмет етсем дейтін «Жыртұма»

Сағадиев: Биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілінен тест тапсырады

Джейкобс: Головкиннің осал тұстарын біліп алдым

Шекарада ақшасы тәркіленген Ананың жағдайы Алаш жұртын алаңдатып отыр

Алаш астанасында Ленин «тірі» тұр…

Қазақстанның Туы WBC белбеуінде

Өткен аптаның 5 жаңалығы сізге қалай әсер етті?

Ильин: Зілтемірді қайта көтеріп жүргеніме қуаныштымын! (видео)

Сталинді жерлеу рәсімінің видеосы табылды

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Жоғары шығу
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу