Президенттің әйелі қанша қаражат жұмсайды? (фото)

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның әйелі өзі айтқандай бақуатты мұсылман отбасында өмір сүріп жатқанымен, оның ақшаны көп жұмсауды ұнататынын бәрі біледі. Forbes журналының мәліметінше, Түркия басшысының табысы 185 миллион долларды құраған, – деп жазады Daily Mail басылымы.

Ел президентінің жары Эмине шопинг турлардан қалмайды. Ол дизайнерлік киімдер мен қымбат антикварлы заттар алуға ақшасын аямайды. Келісі екі мың доллар тұратын ақ шайдың бір стаканын 350 долларға алады. Ал, халықтың төрттен бір бөлігі күніне 4 долларға өмір сүреді.

Бұдан бөлек Анкарадағы салтанатты сарайды айта кетуге болады. Сарай шамамен 660 миллион долларға жасалған. Оның құрылыс жұмысына ақшаны еш аямаған. Жібек қаптамалардың әр орамасын 2,5 мың долларға сатып алған. Екі есікті комплектілердің әрқайсысы 47 мың долларға шыққан. Кілемдер 9,2 миллион долларға бағаланған.

Бірде Эмине дизайнерлік шоппинг жасау үшін Брюссельдегі сауда үйін жаптырып тастаған еді.

Жолдасын Варшаваға шығарып салған Эмине антикварлар үшін 50 мың доллар ақша жұмсаған.

Эрдоған Ақ сарайды елдің көркеюіне қосқан үлесі деп санайды. 15 маусым күні шабуылшылар сарайға оқ атқан еді. Алайда, келтірілген шығын көлемі айтылған жоқ. Бұл сарай Эрдоғанның резиденциясы ғана емес, бұйрық беруші бақылау орталығы. АҚШ-тың Ақ үйі секілді мұнда да төтенше жағдай орын алғанда жасырынатын бөлемелер мен биологиялық, химиялық, ядролық қақтығыстарға төтеп беретін бункерлер бар.

Ердоғандар отбасы Анкара табиғатында 660 миллион долларға демалғанды ұнатады.

Президент пен жары мемлекет меншігіне жататын Стамбұлдағы Долмабахче сарайында салтанатты рәсімдер ұйымдастырады.

Жалпы алғанда Эрдоғандар отбасына қатысты айтылатын сын аз. Себебі, сынаған адам түрмеге жабылуы мүмкін.

 

 

stan.kz

Бөлісу:

FacebookTwitterGoogleVkontakteOdnoklassnikiEmail this page Whatsapp


Жерұйық жаңалықтарын дер кезінде оқып отырыңыз!

Опубликовано Жұмабеком Айқынұлы 16 августа 2016 г.
Pin It

One thought on “Президенттің әйелі қанша қаражат жұмсайды? (фото)

  1. Иә,ысырапшылдық қой,әрине!…Халықтың ақшасын шашу,яғни халықты аш – жалаңаш қалдыру адамгершілікке жатпайтын іс қой…Бірақ,тек Түркияның президенті ғана емес,бізде де солай болып тұр емес пе!…Қазақстан халқы аш – жалаңаш,үйсіз күйсіз тозып кетті,ал президент және премьер – министр мемлекеттік бюджетті,”Самурық” – Қазына Әл -Ауқат қорын және т.б…өз жеке меншік ақшасындай,ешкімнен рұқсат сұрамай,ешкімге есеп бермей шашып жатқан жоқ па!…

Жауап жазу

Әлеуметтік желімен кіру:



Your email address will not be published. Required fields are marked *

CAPTCHA Image
Refresh Image

*