Шетелдік кәсіпкерлер Отырарда биоэтанол өндірісін қолға алмақ (ФОТО)

Шетелдік кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында биоэтанол өндірісін ашуға қызығушылық танытуда. Негізгі шикізаты өсімдіктен алынатын биоэтанол өндірісіне аталған аудан өте қолайлы аймақ болып отыр.

Бүгінгі таңда әлемде биоэтанол өндірісінің өрісі кеңіп, пайдаланушылар қатары көбейіп келеді.

Кеңестік кезеңде 20 мың гектар алқапқа жүгері егіп, одан 50 мың тонна дән өткізген отырарлықтар бүгінгі таңда жаңа технологиялармен және ғылымды ұштастыра отырып жүгері өндірісін қайта қолға алуда.

Аптаның басында Франция экономикасы ісінің докторы, профессор Жан-Поль Ж.Дельхольм мен елімізге белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты С.Сейітжанов ауданымызда болып, тартылатын инвестиция мөлшері, өндірістік база мен өнімді өткізу жайында әңгіме қозғады.
Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі атап өткендей, жаңа ғасыр жаңа технологияларды талап етіп, өркениет пен ғылым егіз ұғымға айналған бүгінгі күні қаншама ғылыми жаңалықтар дүниеге келіп жатыр. Қоршаған ортаны ластамау үшін әлемдік маңызға ие биоэтанол өндірісі Отырарда қолға алынса, ауданда экологиялық таза өнімнің бренді қалыптаспақ.

272acc370aa4cc7dc3e05f5e4bde5c2d

Бұл жаңалықты достарыңызға жылдам жариялаңыз:

FacebookTwitterGoogleVkontakteEmail this pagePrint this page Whatsapp


Pin It

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

CAPTCHA Image
Refresh Image

*