• Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу
Жерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу


توتە   |  қазақша  |   Latin  
Жерұйық
Home
Пайдалы кеңестер
Керек дерек

ӘР СЕМЕЙЛІК БІЛУІ ТИІС ДЕРЕК

Жерұйық 1453

немесе Семей қаласы тарихының хроникасы (маңызды даталары)

840-940 жж. Көне Семей шаһары Қимақия мемлекетінің астанасы. Осы ғасырда Ертістің оң жағалауында Қимақ Одағына кірген тайпа санына сәйкес жеті тас мешіт бой көтерді.

10-ғасырда көптеген араб саяхатшылары, ал, 13-ғасырда итальян жиһангері Плано Карпини Орта Ертіс шаһарына ат басын тірейді. Қала туралы жазба деректерін қалдырады.

1389 жылы өзінің қалың әскерімен Бұқар, Самарқанттан шығып, қазақ сахарасын қиып өтіп, Орта Ертіс бойына ат басын тіреген Ақсақ Темір құлап жатқан жеті тас мешітті қайта қалпына келтірген деп жорамалданады.

1616 жылдың 25 сәуірінде орыс патшасы Михаилдің Грамотасында «Ертіс бойында тас мешіттер бар, оларды тексеру керек» деп көрсетіледі. Бұл құжат – Грамотаны орыс ғалымы Г. Миллер Тюмень архивінен тауып алып, ғылыми айналымға енгізді.

1653 жылы Қытайдағы орыс елшісі Ф.Н. Байков Ертіс жағалауындағы ірі құрылыс – «Жеті тас мешітті салдырған бұхарлықтар екен» деп ресми орындарға рапорт жолдайды (ҚСЭ. -10 том. -114 бет).

1660-1758 жж. көне сауда қаласы орнына Жоңғар мемлекетінің қаласы орнықты. Қала Тархан Доржы деген дінбасы атымен Доржынкит (немесе Доржыкент) деп аталды. Қалмақтар будда дінінің ламаизм деген бағытын ұстанған.

1670 жылдары Жеті мешіт Доржы пірәдардың басшылығымен күрделі жөндеуден өтіп, будда монастырының кейпіне кірді. Бұл туралы 19 ғас. екінші жартысында өмір сүрген археолог зерттеуші Н. Абрамов дерек қалдырды.

1718 жылы көне Семейден 10 шақырым төмен оң жағалауда Петр Бірінші патшаның жарлығы бойынша әскери қамал – «Семьпалат»-тың іргетасы қаланды.

1733 жылы «Тас мешіттердің» қалдығын зерттеу үшін Семей тұрған жерге Санкт-Петербург университетінің профессоры Г.Ф. Миллер келді. Ол жеті мешіттің суреттерін қағазға түсіріп, Петербург архивіне табыс етті.

1754 жылы Ямышев кедені құрылды.

1755 жылы Семейде полиция басқармасы ашылды.

1760 жылы белгілі орыс жиһанкезі П.С.Паллас жеті мешіт қалдығын өз көзімен көріп, аймақты зерттеу мақсатында «Семьпалат» қамалына келді.

1776 жылы «Семьпалат» қамалы қирап жатқан қалмақ кенті – Доржынкиттің орнына (қазіргі Семей тұрған жер) көшірілді. Қамалдың бос қалған орнында «Старая крепость» деген село пайда болды.

1782 жылы Семейге уездік қала атағы берілді.

1780-1800 жж. Оң жағалауда созылған қала «Казачья слободка» (қазіргі – Затон аумағы), «Әкімшілік Орталық» және «Татар слободкасы» деген үш бөлікке бөлінді. «Слободка» сөзі «қалашық» деген мағынаны білдіреді. Сол жағалаудағы «Заречная слободка» аталған мекенде тауарлар Айырбастау базары (орысша – Меновый двор) жұмыс істей бастады. Оған Қытайдан, Орта Азиядан жеткен сауда керуендері ат басын тіреді.

1829 жылы Сол жағалауда Семейдің ІІ-ші гильдия көпесі уақ Тінібай Кәукенұлы Заречная Слободка жерінде (қазіргі Жаңасемей) өзіне үлкен үй салып, «Тінібай слободкасы» аталған қалашықтың негізін қалады. Осы жылы атақты жиһанкез, географ Гумбольдт Семейге келді.

1829-30 жж. Семей көпесі терістаңбалы ру старшыны Жоламан Жандарбекұлы қазіргі Полковник аралына қарсы бетке өзінің үйін, қора-жайын салып, Жоламан слободкасының негізін қалады.

1834 жылы көпес Тінібай өз қаржысына салдырған алғашқы сәулетті мешіт құрылысы аяқталды. Мешіт әлі күнге халыққа қызмет етуде.

1841 жылы Жоламан бай өзінің қаржысына үлкен ағаш мешіт салдырды. Мешіт 1930 жылы өртеніп кетті.

1848 жылы Қоянды жәрмеңкесі ашылды.

1851 жылы Семей қаласының таңбасы (гербі) бекітілді. Гербтегі алтын тәж астындағы тең артқан түйе тоғыз жолдың торабында тұрған сауда орталығы деген мағынаны білдірді. Бұл кездері Семейде 1-ші гильдиялы – 1 көпес, 2-ші гильдиялы – 9 көпес, 3-ші гильдиялы 97 көпес болды.

1854 жылы Семей облысы құрылды. Семей қаласы – әкімшілік орталығы болып бекітілді.

1855 жылы Семейде екі жәрмеңке ашылды. Олар 25 мамыр-10 маусым және 15 желтоқсан- 1 қаңтар аралығында өтіп тұрды.

1850 жылдардың аяғында Ертістің сол жағалауында жалпы «Заречная слободка» деп аталатын, ал жеке-жеке айтқанда, «Тінібай слободкасы», «Жоламан слободкасы», «Тарақты слободкасы» деп аталатын үш елді мекен толық қалыптасты. Тарақты слободкасы тұрған жер (қазіргі «Океан», «Новостойка» аумақтары) зор жәрмеңке орталығы болды. Заречная слободкаға қала статусын беру туралы әңгіме көтерілді.

1862 жылы Семейде қос мұнаралы зәулім мешіт есігін ашты. Қазіргі Әнет баба атындағы тас мешіт.

1858 жылы Шоқан Уәлиханов Қашқарияға сапары қарсаңында әлденеше айды Семейде өткізді. Досы Ф.М.Достоевскиймен жақын табысты.

1878 жылы Семей облыстық Статистика Комитеті құрылды.

1883 жылы Статистика комитеті Семейде Өлкетану музейін ашып, оның жанынан қоғамдық кітапхана ұйымдастырды.

1885 жылы ұлы Абай өлкетану музейіне қазақтың көптеген бұйымдарын сыйға тартады.

1902 жылы Семейде Орыс география қоғамының бөлімшесі ашылды.

1912 жылы Семейде «Жәрдем» атты тұңғыш баспахана ашылды.

1918 жылы қалада ақ гвардия өкілдері мен алашорда үкіметі қатар билік жүргізді.

1919 жылы қалада Кеңес өкіметі орнады.

1919-27 жж. қаланың Жаңасемей бөлігі ресми тұрде «Алаш» деп аталды.

1924 жылы Семейде қазақ педагогикалық техникумы ашылды.

1927 жылы Тұрксібтің алғашқы рельсі төселді.

1929 жылы 1 мамырда Ертіс өзені арқылы өтетін теміржол көпірінің ашылу салтанаты болды.

1934 жылы Семейде ет-консерві комбинаты іске қосылды, Абай атындағы қазақ театры және Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орны – мұғалімдер институты ашылды.

1940 жылы Абай музейі ұйымдастырылды.

1947-48 жж. Жаңасемейдегі цементшілер поселкесі салынды және Семей цемент зауыты іске қосылды.

1949 жылы 29 тамызда Семей сынақ полигонында алғашқы атом бомбасы жарылды.

1962 жылы алғашқы автокөлік көпірі пайдалануға берілді.

1968 жылы Семейдің 250 жылдық тойы аталып өтіп, осы дата құрметіне биік стелла тұрғызылды.

1969 жылы Ф.М.Достоевский музейі ашылды.

1970-80 жж. Темір-бетон құрылыс комбинаты, Арматура зауыты, Кабель зауыты, Аяқ киім фабрикасы, Трикотаж фабрикасы іске қосылды.

1975 жылы Абай атындағы қазақ драма театрының ғимараты аяқталды, Абай алаңы жасалынып, онда ұлы ақын ескерткіші қойылды.

1997 жылы Семейдің облыстық дәрежесі алынып, Шығыс Қазақстанға қосылды.

2001 жж. Жапондық «IHI» фирмасы салған жаңа аспалы автокөлік көпірі пайдалануға берілді.

 

А.Қайырбекұлы, өлкетанушы ғалым.

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Бағалау: 0

Блогер

Желіден тыс 16 hours

Жерұйық

0

"Жерұйықпен" бірге болыңыздар!

Пікірлер: 5Блог: 744Тіркелу: 08-05-2016
Келесі мақала АТЫЛМАЙ ҚАЛҒАН ОҚ (түрме хикаяттары-6)
Алдыңғы мақала АЙНАБЕКОВ АЛҒАН ОРДЕНГЕ АЙМАҒЫ ҚУАНЫП ЖАТЫР

Тағы оқыңыз:

Инстаграмда сауда жасауға болады.
Желтоқсан 24th, 2016

Инстаграмда сауда жасауға болады.

Бала ана тілін ана құрсағында жатқанда ажырата алады
Желтоқсан 12th, 2016

Бала ана тілін ана құрсағында жатқанда ажырата алады

Қолда бардың қадірін біл
Қараша 23rd, 2016

Қолда бардың қадірін біл

Әлемдегі ең қуатты әскері бар 10 ел
Қараша 19th, 2016

Әлемдегі ең қуатты әскері бар 10 ел

Ең ұлы нашар оқушылар
Қараша 17th, 2016

Ең ұлы нашар оқушылар

Неге су перісі Сүлеймен болған?
Қараша 9th, 2016

Неге су перісі Сүлеймен болған?

Facebook пікір

Желідегі жүйрік ой…

Б.Қарағызұлы: АЯЗ АТА – “оңбаған” шал

“Жаңа жылың құтты болсын” дегенді ұмытып қалдым

Аятжан айтып салды: Мәселе Төреғалида ма әлде төрде отырғандарда ма?..

Оның ойынша…

Хайуанаттар паркін жабу керек

Қазаққа Жаңа жылды тойлау керек пе? (Сауалнама)

Фейсбук желісінен “СУЫҚ ЖЕЛ” соқты ма? (Б.Тілеуханның пікіріне орай)

Ал, ендеше!

«Тоқал» фильмінің “ысқырығы жер жарғанмен, айдағаны бес ешкі” болды

Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп 5 жылға сотталып кетті

Сүйекті МӘЙІТХАНАҒА сүйреу дұрыс па?

Міне, қызық!

Монеталардан жасалған өнер туындылары (фото, видео)

“Көксерек” табиғаттың заңдылығын бұзбағанымен, Елгезек МАИ қызметкерін “қатырып” кеткен екен

Америкалық блогер селфиқұмарларға қарсы соғыс ашты (видео)

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Әлеуметтік желілер

  • Facebook
  • Vkontakte

Ауарайы

Погода в Астане
Погода в Алматы
Погода в Семее
Gismeteo Gismeteo
Прогноз на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу