• Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу
Жерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу


توتە   |  қазақша  |   Latin  
Жерұйық
Home
Жаңалықтар

Ақмола тұрғыны «лайк» басқаны үшін сотталып кетті

Жерұйық 118

Ғаламтордың жат ағымдардың насихат ошағына айналып отырғаны жасырын емес. Діни танымнан хабары аз жастар осындай желілерге кіріп, байқамай біреудің қазған орларына түседі. Ақмола облысында бір жас азаматқа қатысты сот процесі басталды. Ол әлгіндей желіде отырып, жиһадқа үндейтін ақпаратқа «лайк» басқан. Бұл туралы Ақмола дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Қасенов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Бір қарағанда бұдан не өзгерді дейсіз ғой. Жаңағы білместіктен басқан «лайк» сол желідегі жат ағымның насихатын тарату деп есептеледі екен. Себебі, ол өзі оқыған ақпаратқа лайк басып қана қоймай, оны өз достарына таратқан. Демек, ол ғаламтордағы заңсыз ақпаратты таратушылардың бірі саналады.

«Жат ағымның өкілдері жастарды өздеріне тарту үшін әлеуметтік желіге Құран мен хадистен асыл сөздерді келтіріп, бір жерінде ғана жиһадқа шақыруы мүмкін. Бұл да адамды Құран аяттары арқылы баураудың бір құйтырқы жолы. Аңқау адам Құран аятына лайк басып жатырмын деп ойлауы мүмкін. Бірақ, ол жаңағы жат ағымның теріс насихатын таратушы болып шыға келетінін аңғармайды»,–дейді Ақмола дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Қасенов.

Бүгінде түзету мекемелері сәләфилік ағым өкілдерінің де жазасын өтеу орнына айналды. Жергілікті дін басқармасы мен теологтар да оларды райларынан қайтару үшін қыруар жұмыс істеуде. Ақмола облысында сырттан алдырылған бір ғана теолог бар. Онға тарта түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен оның жеке жұмыстары нәтижесін бере ме?! Биыл облыс бойынша түзету мекемелерінде 16 адам райларынан қайтып, дәстүрлі дінімізге оралды.
Ақмола облысының әділет және басқа да құзырлы органдарында барлығы 122 діни ұйымдар және 70-тен аса миссионерлер тіркелген. Дін басқармасының өкілі тіркеуден бас тартып, өздерінің насихат жұмыстарын заңсыз жүргізуге тырысатындар да жоқ еместігін де атап өтті.

«Еліміздегі дін саласындағы заңда діни ғибадат орнынан тыс жерде өз насихаттарын жүргізуге тыйым салынады делінеді. Әкімшілік құқық бұзушылық заңдарымен ондай заң бұзушыларға 50-ден 200-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны да айтылады. Бірақ, адамдардың бәрі заңды орындай бермейді. Арнайы белгіленген орындардан тыс жерлерде діни әдебиеттер таратады. Қарапайым адамдарды өз қармақтарына түсіріп, арбайды, алдайды»,–дейді Б.Қасенов.

Ақмарал Айғара

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Бағалау: 0

Блогер

Желіден тыс 14 hours

Жерұйық

0

"Жерұйықпен" бірге болыңыздар!

Пікірлер: 5Блог: 744Тіркелу: 08-05-2016
Келесі мақала КӨРІПКЕЛ: Шыңғысханның мазары Қазақстаннан табылады
Алдыңғы мақала БАҚСЫ: 2017 жыл саяси қиындықтарға толы болмақ

Тағы оқыңыз:

«Уа, Тәңірім!» деген сөз депрессия мен уайымға ұшырағандарға жақсы көмектескен
Желтоқсан 29th, 2016

«Уа, Тәңірім!» деген сөз депрессия мен уайымға ұшырағандарға жақсы көмектескен

Қырғыз парламентінің вице-спикері Тайваньға барғаны үшін қызметтен кетті
Желтоқсан 29th, 2016

Қырғыз парламентінің вице-спикері Тайваньға барғаны үшін қызметтен кетті

Президент жемқорлардың барлығын тікұшақтан лақтырып жібермек
Желтоқсан 29th, 2016

Президент жемқорлардың барлығын тікұшақтан лақтырып жібермек

Қағбадан 500 метр биікте оқылған намаз
Желтоқсан 29th, 2016

Қағбадан 500 метр биікте оқылған намаз

Елордада Тұңғыш Президенттің сағатты мұнарасын тұрғызу ұсынылды
Желтоқсан 29th, 2016

Елордада Тұңғыш Президенттің сағатты мұнарасын тұрғызу ұсынылды

Жаңа жылдан кейін ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Желтоқсан 28th, 2016

Жаңа жылдан кейін ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Facebook пікір

Желідегі жүйрік ой…

Б.Қарағызұлы: АЯЗ АТА – “оңбаған” шал

“Жаңа жылың құтты болсын” дегенді ұмытып қалдым

Аятжан айтып салды: Мәселе Төреғалида ма әлде төрде отырғандарда ма?..

Оның ойынша…

Хайуанаттар паркін жабу керек

Қазаққа Жаңа жылды тойлау керек пе? (Сауалнама)

Фейсбук желісінен “СУЫҚ ЖЕЛ” соқты ма? (Б.Тілеуханның пікіріне орай)

Ал, ендеше!

«Тоқал» фильмінің “ысқырығы жер жарғанмен, айдағаны бес ешкі” болды

Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп 5 жылға сотталып кетті

Сүйекті МӘЙІТХАНАҒА сүйреу дұрыс па?

Міне, қызық!

Монеталардан жасалған өнер туындылары (фото, видео)

“Көксерек” табиғаттың заңдылығын бұзбағанымен, Елгезек МАИ қызметкерін “қатырып” кеткен екен

Америкалық блогер селфиқұмарларға қарсы соғыс ашты (видео)

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet

Әлеуметтік желілер

  • Facebook
  • Vkontakte

Ауарайы

Погода в Астане
Погода в Алматы
Погода в Семее
Gismeteo Gismeteo
Прогноз на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу