Корпоратив,сыйлық пыйлық,тәтті мәтті іздеп жаңа жылға дайындалып жүргенім шамалы.Жаңа жыл тойлау керек деген түсінік санамнан бірнеше жыл бұрын шығып қалған.Жаңа жылды қалай қарсы алсаң жылың солай өтеді деген ырымды ұрғаным бар.Бірнеше жыл бойы кешкі тамақ ішіп алып,сағат 11-де төсек салып алып фб-ны қосып жатып жүрмін.Күнде фб-да қалай отырамын 31-і күніде де солай отырамын.Анау үйге барып нағашыңды,мынау үйге барып құдаңды құттықтау керек дегенді ұмытқанмын.Келіп құттықтамады деп ренжімек түгілі көрмей кетсе де мейлі. Жаңа жылың құтты болсын деген сөзді айтуды да ұмытып қаппын.