• Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу
Жерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу


توتە   |  қазақша  |   Latin  
Жерұйық
Home
Желідегі жүйрік ой

НАМЫС ( Болған оқиғаның ізімен)

Жерұйық 451

НАМЫС… Осы киелі сөздің көкжиегін кеңейту үшін төмендегі өмірде болған оқиғаны Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын…

1984 жыл, шілденің шіліңгір ыстық күні Семей облысыдағы Аягөз қаласында бір тосын оқиға облыс тұрғындарын дүр сілкіндірді. Қазандықта (кочегарка) от жағатын Қайырбек деген азамат күннің ыстығынан шөлін басайын деп жанында орналасқан сыраханадан сыра ішейін деп сонда басын сұғады. Екі саптыаяқ сырасын алып, сусындап отырғанда, көрші столда отырған Кәп тауынан келген үш шешеннің жігіттерінің бірі қызып алып: – Кез келген қазақтың жігітіне үш сом (Рубль) ақша берсем, саптыаяғымды тасып зыр жүгіреді, – дейді. Ызаға булыққан Қайырбек: – Айтқан сөзіңді қайтала, – дейді. Анау өзінің сорына айтқанын қайталап береді. Қайырбек: – Қазақтың намысына тигенің үшін қазір сенің басыңды кесіп аламын,- дейді де, сыраханадан шығып кетеді. Біраздан соң қайтадан оралып, әлгі сөзді айтқан жігіттің жанына келіп: – Менің намысыма тиген сөзің үшін қазір мен сенің басыңда аламын, – дейді де, әлгі қарқылдап отырған жігіттің шашынан ұстап тұрып, отырған жерінде кеңірдегінен бауыздап жібереді. Бүкіл сырахананың іші у-шу болып, барлық сыра ішіп отырған жігіттер далаға қашып шығады. Қайырбек асықпай бауыздаған жігітті жұлындап, басын кесіп алады да, көшеде тұрған қоқыс салатын жәшікке лақтырып жіберіп, өзі тура сақшыға (Милицияға) тартады.
Бірнеше күн қамауда жатқан Қайырбекке шешен жігіттері бір амалын тауып кездеседі. Сонда Қайырбек: – Сендер ана бауырларыңнан артынан қуғыншы болып келіпсіңдер, сендер де сол жаққа барасыңдар, – дегенде, олар шығып жүре береді. Ұзақ жылға бас бостандығынан айрылған Қайырбекті этаппен Семей қаласын әкеледі.
Ертеңінде моншаға апарғанда- , дейді, осы әңгімен айтып отырған жігіт, Қайырбек қандай жігіт екен деп көргісі келеді. Сотталған адамдардың ұнжырғасы түсіп, көңілдерінде кірбің болса, Қайырбек бір тойда жүрген адамдай көңілді, қажылыққа бара жатқан адамдай жанындағы жігіттермен әңгімелесіп тұр екен дейді. Жақындап келіп қарап едім, жанары жасындай жарқ еткенде, көзімді тайдырып әкеттім. Ұлттың намысын таптаған тоңмойындар әлі де бар, дегенмен оларды басқа бір тәсілмен де беттерін қайтаруға болады… Сол азамат аман – есен еліне оралса, қаныпезр ретінде емес, батыр ретінде қабылдай алды ма екен, – деп, әңгімесін аяқтады жігіт ағасы.

P.S. Қай заманда да намысы бар ұлт жоғалмаған, мемлекетті де намысы бар азаматтар қорғаған екен. Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді, – деген сөзді бабалар бекер айтпаса керек. Әрине, бұл оқиғадан жастар үлгі алсын деп отырған жоқпын, ғибрат алсын, – деген оймен жазылған еді. Қазақ қыздары да өз намыстарын қорғау үшін атқа отырғанын тарихтар білеміз… Егемендік алғаннан кейін, Қайырбек түрмеден босап, Башқұртстанда қайтыс болыпты… Иманды болсын, марқұм!!!
Ұлттық намысты қорғау үшін – Ұлттық намысы бар азамат болуы керек!!!


Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Бағалау: 0

Блогер

Желіден тыс 13 минут

Жерұйық

2

"Жерұйықпен" бірге болыңыздар!

Пікірлер: 5Блог: 778Тіркелу: 08-05-2016
Келесі мақала «Титаник» кемесі бортта шыққан өрттің салдарынан суға батқан
Алдыңғы мақала М.Мағауин. ӘБІШ ЕКЕУМІЗ

Тағы оқыңыз:

СЕМЕЙДІҢ ЖОЛЫ – КӨЛІКТІҢ СОРЫ!
Қаңтар 9th, 2017

СЕМЕЙДІҢ ЖОЛЫ – КӨЛІКТІҢ СОРЫ!

Балғынбек Имашев: Қарындасты көргенде күрсінемін…
Қаңтар 9th, 2017

Балғынбек Имашев: Қарындасты көргенде күрсінемін…

Малдың қиынан алынған газбен көлік жүргізбек (ВИДЕО)
Қаңтар 9th, 2017

Малдың қиынан алынған газбен көлік жүргізбек (ВИДЕО)

Жылқы жауырынындағы "ӘДЕМІЛІК"
Қаңтар 9th, 2017

Жылқы жауырынындағы "ӘДЕМІЛІК"

ЭКСПО-2017 логотипі сынға ұшырады
Қаңтар 9th, 2017

ЭКСПО-2017 логотипі сынға ұшырады

Азамат Қасым: ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ЖАТЫР?
Қаңтар 7th, 2017

Азамат Қасым: ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ЖАТЫР?

Facebook пікір

Желідегі жүйрік ой…

Азамат Қасым: ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ЖАТЫР?

НАМЫС ( Болған оқиғаның ізімен)

Б.Қарағызұлы: АЯЗ АТА – “оңбаған” шал

Оның ойынша…

Қанат Ислам: Ел қадірін білейікші, бауырлар!

ӘЛЕМНІҢ   МҰХТАРЛАРЫ

Жолымбет Мәкіш: МЫҢ ЖЕРДЕН МҰСЫЛМАН БОЛСА ДА….

Ал, ендеше!

«Қыз Жібек» фильмі түсірілгеннен кейін “МАСҚАРА” жағдай болды

«Тоқал» фильмінің “ысқырығы жер жарғанмен, айдағаны бес ешкі” болды

Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп 5 жылға сотталып кетті

Міне, қызық!

Автобусқа мінбек болған ат көшедегілерді таңғалдырды

«Титаник» кемесі бортта шыққан өрттің салдарынан суға батқан

Монеталардан жасалған өнер туындылары (фото, видео)

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу