• Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу
Жерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу


توتە   |  қазақша  |   Latin  
Жерұйық
Home
Бас баған

Батырхан Шүкеновтің әнін естіген ресейлік зағип қыз қазақ тіліне ғашық болып қалды

Жерұйық 56

Танымал қазақ әншісі Батырхан Шүкеновтің «Отан Ана» әнін тыңдағаннан кейін 18 жастағы мәскеулік Виктория Андреева қазақ тілін үйренуге кірісіп кетіпті.

Зағип жандарға арналған мектеп-интернаттың шәкірті қазақ тілімен бірге мәдениетін, әдет-ғұрыптарын да зерттеп жүр деп жазады «Эврика» басылымына сілтеме жасап Skifnews.kz порталы.

Бойжеткен қыздың айтуынша, ол осыдан бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желі арқылы қазақ жастарымен танысқан екен. Олар Викаға Қайрат Нұртастың әндерін тыңдатып, ұнағандарын орысшаға да аударып берген екен.

«Ол әлі бастауы болатын. Ал, Батырхан Шүкеновтің «Отан Ана» әнін тыңдаған кезде менің жан дүниемде тебіреніс пайда болды. Қандай сезімдер тербегенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бәлкім мұндай адамнан айрылып қалғанымызға деген өкініш те болған шығар. Ал, ән керемет. Менің ойымша, Батыр бұл әнге өзінің Отанына деген махаббатын қосып орындаған. Ал, әншінің бұл сезімі маған да берілді. Міне, осыдан кейін мен қазақ тілін үйренуге шындап кірістім», – дейді мәскеулік қыз.

Виктория тіл үйрену үшін алдымен soyle.kz порталының қызметін пайдаланған екен. Алайда, сәл уақыттан кейін аталған сайттың зағиптарға арналған функциясы істен шығып қалған. Кейін, «Жас толқын» онлайн-курсымен тіл үйренбек болғанда, ол қызметтің де зағиптарға арналған функциясы пайдалануға қолайсыз болыпты. Алған бетінен қайтпаған бойжеткен әлеуметтік желілер арқылы тіл үйрететін мұғалім іздеп, оны ақыры Ақтөбеден тауып отыр.

Қазір мәскеулік оқушы өзі туралы қазақ тілінде еркін айтып бере алады. Бірақ, оның арманы – қазақ тілінде таза сөйлеп, өлең сөздерін аудару, қазақша фильмдер көру.

«Мен қазақ ертегілерінің кейіпкері Алдар көсені жақсы білемін, Қыз Жібек туралы фильмді көріп шықтым. Әміре Қашаубаев пен Шәмші Қалдаяқовтың әндерін тыңдадым. Қазіргі эстраданы да тыңдап отырамын. Мұқағалидің өлеңдерін оқимын. Маған ұнайды. Мағынасын түсінбеген күннің өзінде ұйқастары, мәнері ұнайды», – дейді Виктория Андреева.

Оның айтуынша, қазақ тілі оның әнге деген махаббатын оятыпты.

«Тек қазақ тілін үйрене бастағаннан кейін менің ән айтуға деген құштарлығым оянды. Алғашында тек тыңдайтынмын. Кейін неге өзіме ән айтпасқа деп шештім. Айтатын әнімді ұзақ таңдап, ақыры таспаға жазып шықтым», – дейді бойжеткен.

Виканың қазіргі арманы – Қазақстанға келіп, қазақтармен қазақша сөйлесу, сүйікті әншілерімен кездесіп, қолтаңба алу. Сондай-ақ, ең алдымен қазақтың ұлттық тағамы еттен ауыз тию дейді ол.

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Бағалау: 0

Блогер

Жерұйық

1

"Жерұйықпен" бірге болыңыздар!

Пікірлер: 5Блог: 766Тіркелу: 08-05-2016
Келесі мақала Елдікті жырлауда ешкімге дес бермеген
Алдыңғы мақала УАҚЫТША ТІРКЕУ деген не және ол үшін ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР КЕРЕК?

Тағы оқыңыз:

ӘН АҚБЕРЕНІ (Поэма)
Қаңтар 9th, 2017

ӘН АҚБЕРЕНІ (Поэма)

ЭКСПО-2017 логотипі сынға ұшырады
Қаңтар 9th, 2017

ЭКСПО-2017 логотипі сынға ұшырады

БАТЫР РУХЫМЕН СЫРЛАСУДЫҢ  ЖАҢА  СИПАТЫ
Қаңтар 8th, 2017

БАТЫР РУХЫМЕН СЫРЛАСУДЫҢ  ЖАҢА  СИПАТЫ

Азамат Қасым: ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ЖАТЫР?
Қаңтар 7th, 2017

Азамат Қасым: ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ЖАТЫР?

Жолымбет Мәкіш: МЫҢ ЖЕРДЕН МҰСЫЛМАН БОЛСА ДА....
Қаңтар 7th, 2017

Жолымбет Мәкіш: МЫҢ ЖЕРДЕН МҰСЫЛМАН БОЛСА ДА....

Автобусқа мінбек болған ат көшедегілерді таңғалдырды
Қаңтар 7th, 2017

Автобусқа мінбек болған ат көшедегілерді таңғалдырды

Facebook пікір

Желідегі жүйрік ой…

Азамат Қасым: ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ЖАТЫР?

НАМЫС ( Болған оқиғаның ізімен)

Б.Қарағызұлы: АЯЗ АТА – “оңбаған” шал

Оның ойынша…

ӘЛЕМНІҢ   МҰХТАРЛАРЫ

Жолымбет Мәкіш: МЫҢ ЖЕРДЕН МҰСЫЛМАН БОЛСА ДА….

Хайуанаттар паркін жабу керек

Ал, ендеше!

«Қыз Жібек» фильмі түсірілгеннен кейін “МАСҚАРА” жағдай болды

«Тоқал» фильмінің “ысқырығы жер жарғанмен, айдағаны бес ешкі” болды

Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп 5 жылға сотталып кетті

Міне, қызық!

Автобусқа мінбек болған ат көшедегілерді таңғалдырды

«Титаник» кемесі бортта шыққан өрттің салдарынан суға батқан

Монеталардан жасалған өнер туындылары (фото, видео)

Түрме хикаяаттары

222banner-vidzhet
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Бизнес
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазу
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу