Түркияның тұңғыш президенті Ататүрік туралы не бір тамаша естелік әңгімелер халық арасына кең тараған. Соның бірінде, Ататүрік бүткіл үкімет басшылары мен министрлері қатысқан үлкен жиналыста, өнер мен әдебиет туралы айта келіп:
– Мен осында отырған сіздердің кез- келгеніңізден Премьер министр жасай аламын. Ал, сіздердің кез- келгеніңізден таланты ақын, жазушы, әнші жасай алмаймын. Ал, сол таланты ақын, жазушы мен әншінің кез- келгенін Премьер министр жасай аламын. Нағыз таланттар жүз жылда бір туады. Сондықтан да өнер қайраткерлерін, ақындарды, жазушыларды құрметтеңдер, Олар ұлыт мақтанышы! – деген екен.
Ататүрік айтқандай, біздің Елбасымыз өзінің командасындағы кез – келген қызыметкерінен Премьер министр жасай алады. Бірақ, олардың кез – кезкелгенінен ұлы ақын Мұхтар Шаханов пен ұлы жазушы Мұхтар Мағауинді жасай алмайды! Егер, осы екі Мұхтардың қайсысын Премьер министр етіп сайласа да, олар бұл лауазымды еш кімнен кем атқармайды.
Айтайын дегенім, қайталанбас хас таланттар М. Шаханов пен М.Мағауинді «көзге ілмей» барлық марапаттан шектеу, олардың кітаптарін мемлект қаржысымен бастырмау, біреулерді «үргізіп, балтырынан қаптыру», оларды бұхаралық ақпарат құралдарынан аластату, «Елін құрметтемеген ер оңбас, ерін құрметтемеген ел оңбас» – деп, Күдері би бабам айтқандай, әлемге танылған ерлерін құрметтемеу, қазақ еліне «қара таңба» болары сөзсіз.
Өттері жарылып кетсе де айтайын, екі Мұхтар да ұлыт мақтанышы! Енді олардаң атын қазақ тарихынан өшіру еш кімнің қолынан келмейді.
Менің бір түйгенім, әр Пушкиннің Дантестері, әр Абайдың Оразбайлары болады екен. Ертең екі Мұхтар көз жұмғаннан кейін, кешегі Мұқағалиды тірі кезінде бағалай алмағанымыздай өкінбес үшін, екуін де төрімізге отырғызып, төбемізге көтеруіміз керек! Біз сонда ғана зайырлы елдің қатарында боламыз.
Мұхтарлар марапатқа мұқтаж емес, олар әлемнің Мұхтарлары!
Таң қалмасқа болама, Алланың мына ісіне!
Атына қарай береме, күресті өмір кісіге!
Есімі Мұхтар аталғандарына қазақтың,
Бір тағдыр берген, үлкеніне де, кішіге!
Сенбесең тыңда, аттарын атап берейін!
Әуезов Мұхтар- көтерген қазақ мерейін!
Мағауин Мұхтар- “Бес ғасырыңды жырлатса”,
Шаханов Мұхтар- отты өлең керген көмейін!
Жәкішев Мұхтар- “жанып” бір кеткен Атомнан!
Әбләзов Мұхтар- “шошыйтын” билік атынан!
Жері мен тілін қызғыштай қорғап тайсалмай,
Мұхтары Тайжан- “Арыстан айға атылған!”
Аңду, жала, абақты, ұлы Мұхтар көргені.
Қуғыннан соң Мағауин, шеттен елге келмеді.
“Қазағым”- деп Шаханов, сотты болып, инфаркт ап,
Тілегімен халқының, аман қалды- өлмеді!
Бірінен билік “құтылса”, екінші Мұхтар “туады”!
Туа сала ол Мұхтар, МҰХТАРЛАР жолын қуады!
“Неге солай?”- десеңіз, мен айтайын себебін,
МҰХТАРЛАР ҮШІН БӘРІНЕН, ОТАНЫ БИІК ТҰРАДЫ!
Бейсембеков Аймұханбет