Ақтөбе облысында Халыққа қызмет көрсету орталығы уақытша тіркеуге тұрушыларды қабылдау үшін жұмыс кестесін өзгерткен. Сондай-ақ, орталыққа келген тұрғындарды ыстық шәймен де қамтамасыз етуде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Жұмыс уақытын бір сағат ерте бастаған орталықтар түскі үзіліске шықпастан, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеп жатыр.
“Кіреберістегі анықтама бөлімі тұрғындарды түрлі ақпараттармен қамтамасыз ете алады. Келушілер арнайы талон арқылы өз шаруаларын жылдам реттейді. Уақытша тіркелуге келіп, кезек күтіп қалғандар азаматтарға тәттілер мен шәй ұсынылады. Бұл қызметтің барлығы тегін”, – деді орталық директорының орынбасары Самал Нұғыманова.
Жалпы, 7 қаңтардан бері облыс бойынша 741 адам тіркеліпті. 2072 адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген.