Жылдың аяғында Қашаған тәулігіне 370 мыңға дейін мұнай баррелін беретін болады. Қазіргі уақытта Қашағанда мұнайды өндіру серпіні тәулігіне 180 мың мұнай баррелін құрап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында «ҚазМұнайгаз» АҚ қаржы директоры Дәурен Қарабаев хабарлады.
«Аталған жоба өнімді өндіру үдерісінде және өндіру серпінінде болғандықтан тәулігіне берілетін мұнай баррелінің көлемін толықтай айта айтуға болады. Жылдың аяғында көрсеткіш тәулігіне 370 мыңға дейін көтеріледі деп күтілуде»,-деді Дәурен Қарабаев.
Дәурен Қарабаевтың мәліметінше, «Самұрық-Қазына» Қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ –ның болжамды бағасы бойынша аталған жобаның негізінде 2017 жылы Қашағанға құйылған инвестициядан кейін бірлесе 180 млн АҚШ доллары шамасында таза қомақты қаржыны алатын болады.
«Бұл аталған жоба мұнайды өндіру серпінінің күшеюіне және ұдайы қолдауына бағытталған операциялық шығынды, құйылған капиталдық қаржыны жауып отыратын болады және оның серіктестіктері үшін қаржының түсуін қамтамасыз етеді»,-деп нақтылады Дәурен Қарабаев.